1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2016 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Облыстық мәслихаттың (V сайланған ХLVI сессиясы) 2015 жылдың 10 желтоқсандағы "Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2016 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы" № 402/46 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Тұрлыбаев |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |
Облыстық мәслихаттың (V сайланған ХLVIII cессиясы) 2016 жылғы 3 ақпандағы № 428/48 шешімімен бекітілді |
Павлодар облысы бойынша 2016 жылға арналған
жерүсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін
төленетін төлемақы мөлшерлемелері
Р/с № | Арнайы су пайдалану түрлері | Өлшем бірлігі | Мөлшерлемелер |
теңге | |||
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер | 1000 текше метр | 104,98 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда (өндірістік қажеттіліктер) | 1000 текше метр | 603,26 |
3 | Ауыл шаруашылығы | 1000 текше метр | 169,97 |
4 | Су көздерінің суын пайдаланатын тоған шаруашылықтары | 1000 текше метр | 169,97 |
5 | Су көліктері | 1000 т.км | 23,33 |