Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 31.07.2017 № 225/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларының 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы "Субсидияланатын тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" № 264/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5232 болып тіркелді, 2016 жылғы 20 қыркүйекте "Сарыарқа самалы" және "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) келесідей толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының орыс тіліндегі қосымшасында "Культуры" бөлімінде, "рапс гибридный" кіші бөлімінде, "предельная цена, тенге/кг" бағанында реттік нөмірі 12-жол "5595" сандарымен толықтырылсын.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |