Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Б. Бақауов |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "1" наурыздағы № 236/5 қаулысымен бекітілді |
"Павлодар қаласы қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала бюджетінің атқарылуы және коммуналдық меншікті басқару бойынша өз құзіреті шегінде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25.
10. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел финансов города Павлодара".
12. Мемлекет Павлодар қаласы әкімдігі атынан "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
14. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты,
қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. Миссиясы: "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және Павлодар қаласы бюджетінің атқарылуын, қалалық коммуналдық меншікті басқаратын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жүргізген мемлекеттік сатып алуға мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.17. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты жергілікті бюджеттің атқарылуы және Павлодар қаласының аумағында коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
18. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні қалалық деңгейде бюджеттің атқарылуы және коммуналдық меншікті басқару мәселелері саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
19. Міндеттері:
1) қала бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету;
2) қала бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына ұсыну;
3) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алудың мониторингін жүргізу;
4) қалалық коммуналдық меншікті басқару.
20. Функциялары:
1) міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың және түсімдердің жинақтау жоспарларын жүргізу;
2) қала бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражатты уақытылы және тиімді пайдалану мониторингін жүзеге асыру;
3) Павлодар қаласы бюджеттік бағдарламаларын тиімді орындауына бағалауды жүзеге асыру;
4) аналитикалық материалдарымен мемлекеттік сатып алу бойынша жинақтық есеп беруді жүргізу және мониторингті жүзеге асыру;
5) Павлодар қаласының бюджетін атқару саласындағы қызметтерді жүзеге асыру, Павлодар қаласы бюджетін атқару бойынша бюджеттік есеп пен есеп беруді жүргізу;
6) қалалық бюджеттің түсімдері мен қаржыландырудың жинақтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекіту және оларға өзгерістер енгізу;
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен ақшалай қаражатты игеруіне мониторингті жүзеге асыру;
8) қала бюджетінің атқарылуы барысында бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне бағалауын жүзеге асыру;
9) республикалық бюджеттің қаражаты есебінен несиелерді мақсатты қолдануға қызмет көрсету және мониторингін жүзеге асыру, олардың есебін және қайтарымын қамтамасыз ету;
10) қала бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектердің мониторингін жүзеге асыру;
11) бағдарламалар және бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік өтінім жасау;
12) ақылы қызметтердің мониторингін жүзеге асыру;
13) коммуналдық меншікті пайдалану мәселесі бойынша тәжірбиеге талдау және жинақтау жүргізу, оның құзіретіне жататын мәселелерді реттейтін актілерді жасауына қатысу, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
14) коммуналдық меншікті сақтау және пайдалануына бақылауды қамтамасыз ету;
15) коммуналдық меншікті тиімді басқаруды арттыру бойынша қалалық бағдарламаларды әзірлеу;
16) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;
17) қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға беру;
18) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
19) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүлікті еспке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
20) сенімгерлікпен басқарушының коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асыру;
21) коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде үдерісті ұйымдастыру үшін делдалды, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету объектісін сатып алу-сату шартын әзірлеу мен жасауды және сатып-алу шарттары талаптарының сақталуын жүзеге асыру;
22) коммуналдық мүліктік жалға (жалдауға), туралы шешімдер қабылдау;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты өтеусіз негізде қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұрауға және алуға;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша Павлодар қаласы әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізуге;
3) шарттар жасауға;
4) "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық жұмысын жүзеге асыру және оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, қалалық мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;
6) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.23. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Павлодар қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.
25. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы Ережені Павлодар қаласы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;
3) басшы бұйрықтарын шығарады;
4) "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;
5) "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;
6) "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң мүддесiн білдіреді;
8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкіне иелік етеді;
9) белгіленген заңнама тәртібінде шарттар жасайды;
10) сенімхаттар береді;
11) "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
12) заңнамамен белгіленген жағдайларда "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
13) "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерiнің міндеттері мен құрылымдық бөлімшелердің функцияларын анықтайды;
14) "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
15) "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң құрылымдық бөлімдерінің ережелерін бекітеді;
16) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
"Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
26. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
27. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
28. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің және ұжымдық шартпен белгіленеді.
4. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
29. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін."Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
30. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
32. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.33. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік қалалық коммуналдық меншігінде қалады.