1. Павлодар қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 994/15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4704 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 181 "Сатып Алу Ақпарат" газетінде жарияланған);
2) Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 236/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5004 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 14 "Регион.KZ" газетінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Б.Т. Байжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Н. Әшімбетов |