Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бірыңғай мемлекеттік сатып алуды жүргізу мақсатында, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырысы берушілер үшін Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Нүкенов |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 156/3 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 02.08.2016 N 691/8 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.№ р/с | Атауы |
1. | Қалалық атқарушы органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін бюджеттік даму бюджеттік бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу |
2. | Қалалық атқарушы органдармен көзделген "Жұмыспен қамту Жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде коммуналдық меншік объектілерін салу, қайта жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша іске асырылатын жобалар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу |