Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 156/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 02 тамыздағы № 691/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 09 тамызда № 5196 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 31/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 27.01.2017 № 31/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу" туралы Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 156/3 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4983 болып тіркелді, 2016 жылғы 18 наурызда № 11 "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Қ.З. Арыновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Дүйсимбинов

  Ақсу қаласы әкімінің
2016 жылғы 02 тамыздағы
№ 691/8 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

№ р/с
Атауы
1.
Қалалық атқарушы органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін бюджеттік даму бюджеттік бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу
2.
Қалалық атқарушы органдармен көзделген "Жұмыспен қамту Жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде коммуналдық меншік объектілерін салу, қайта жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша іске асырылатын жобалар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады