Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 229/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі № 55/7 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 қазанда № 5246 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 мамырдағы № 314/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 20.05.2019 № 314/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 229/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3784 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      жиырма екінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын: "1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай: зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұлғаларға), атап айтқанда:";

      жиырма төртінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын: "зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын адамдарға 1,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      отызыншы азат жолы келесі редакцияда жазылсын: "кәмелетке толмаған балалары бар 3-топтағы мүгедек әйелдерге 2,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Оразалин
      Қалалық маслихат хатшысы М. Омарғалиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы М. М. Бегентаев
      "9" қыркүйек 2016 жыл

О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 229/31 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням"

Решение маслихата города Аксу Павлодарской области от 9 сентября 2016 года № 55/7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 7 октября 2016 года № 5246. Утратило силу решением маслихата города Аксу Павлодарской области от 20 мая 2019 года № 314/42 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Аксу Павлодарской области от 20.05.2019 № 314/42 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Аксуский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Аксуского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 229/31 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3784, опубликованное 6 мая 2014 года в газетах "Ақсу жолы", "Новый Путь") следующие изменения:

      в пункте 1:

      абзац двадцать второй изложить в следующей редакции: "к 1 октября - Международному дню пожилых людей: гражданам (лицам), достигшим пенсионного возраста, получающим минимальный размер пенсии и (или) пособия или ниже минимального размера пенсии и (или) пособия, а именно:";

      абзац двадцать четвертый изложить в следующей редакции: "лицам, достигшим пенсионного возраста, получающим минимальный размер пенсии и (или) пособия или ниже минимального размера пенсии и (или) пособия в размере 1,2 месячных расчетных показателей;";

      абзац тридцатый изложить в следующей редакции: "женщинам-инвалидам 3 группы, имеющим несовершеннолетних детей в размере 2,3 месячных расчетных показателей;".

      2. Контроль за выполнением данного решения возложить на постоянную комиссию по экономике и бюджету городского маслихата.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Оразалин
      Секретарь городского маслихата М. Омаргалиев
      "СОГЛАСОВАНО"
      Исполняющий обязанности
      акима Павлодарской области М. М. Бегентаев
      "9" сентября 2016 года