Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 20.05.2019 № 314/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 229/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3784 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жиырма екінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын: "1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай: зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұлғаларға), атап айтқанда:";
жиырма төртінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын: "зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын адамдарға 1,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
отызыншы азат жолы келесі редакцияда жазылсын: "кәмелетке толмаған балалары бар 3-топтағы мүгедек әйелдерге 2,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Оразалин |
Қалалық маслихат хатшысы | М. Омарғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысы әкімінің | |
міндетін атқарушы | М. М. Бегентаев |
"9" қыркүйек 2016 жыл |