Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 06.08.2020 № 436/55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған XV кезектен тыс сессиясы) 2009 жылғы 17 наурыздағы "Бейбіт жиналыстар, митингтер, пикеттер өткізу үшін тәртібі мен орнын қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемелекеттік тіркеу тізілімінде № 12-3-228 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 мамырдағы "Отарқа" газетінде, 2009 жылғы 7 мамырдағы "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған) № 159/15 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | Б. Құспеков |
2016 жылғы 12 сәуірдегі Екібастұз қалалық мәслихатының (VI шақырылған кезекті III сессиясы) № 13/3 шешімімен бекітілген |
Екібастұз қаласы аумағында бейбіт
жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
1. Екібастұз қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу үшін Екібастұз қаласы әкімінің аппаратына өтініш беріледі.
3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толған азаматтарының жеке топтарының уәкiлдерi бередi.
4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш, оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi Екібастұз қаласы әкімінің аппаратында тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
5. Екібастұз қаласы әкімінің аппараты өтінішті қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтініш беру барысында осы Қосымша тәртіптің 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Екібастұз қаласы әкімінің аппараты осы бұзушылықтарды жаңа өтініш берген кезде жою туралы ресми ұсыныс береді. Жаңа өтінішті қарау мерзімі өтініш түскен сәттен бастап саналады.
7. Екібастұз қаласы әкімінің аппараты басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен жерін ұсынады.
8. Егер, Екібастұз қаласы әкімі аппаратының митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрациялардан бас тартатын болса, немесе оны өткізуге тыйым салынатыны туралы шешім шықса, онда ұйымдастырушылар тез арада барлық дайындық жұмыстарының күшін жою бойынша шаралар қабылдап және осы туралы ықтимал қатысушыларды міндетті түрде хабарландыру қажет.
9. Екібастұз қаласы аумағында митингілер, жиналыстар мен пикеттерді өткізетін орындар болып келесі орындар белгіленсін:
1) Екібастұз қаласы, Шешембеков көшесі бойынша орналасқан "Шахтер" мәдениет және демалыс саябағы;
2) Екібастұз қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан интернационалист – жауынгерлер гүлзары.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 08.10.2019 № 380/48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.10. Екібастұз қаласы аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:
1) Екібастұз қаласы, МәшҺүр Жүсіп көшесі бойынша, С. Торайғыров көшесінен Мұхтар Әуезов көшесіне дейін;
2) Екібастұз қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі бойынша, Естай Беркимбаев көшесінен Энергетиктер көшесіне дейін.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 08.10.2019 № 380/48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
12. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.
13. Шараларды ұйымдастырушылары мен қатысушыларына тыйым салынатын іс-шаралар:
1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3) Екібастұз қаласы әкімі аппаратымен келісілмей киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
5) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтардың және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
6) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
7) алкогольдік және есірткілік масаңдық күйде қатысуына.
14. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрацияларды өткізу орындарында алкогольді ішімдіктерді ішуге, есірткілік құралдарды, психотроптық заттарды және олардың аналогтары мен прекурсорларын қолдануға; транспаранттарды, ұрандарды және басқа да материалдарды (көрнекті, аудио және видео) пайдалануға; құрамында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға үндейтін, сондай-ақ кімнің болса да атына тіл тигізетін сөздері бар мағынада көпшілік алдында сөйлеуге тыйым салынады.
15. Пикеттер белгіленген кезеңдерде және өтініште көрсетілген нақты орнында міндетеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.
16. Пикеттеу кезінде рұқсат етіледі:
1) пикеттірілген объектіде тұру, отыру;
2) көрнекті үгіт құралдарын пайдалану;
3) пикет тақырыбына байланысты қысқа ұрандар айту.
17. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерткен жағдайда белгіленген тәртіппен Екібастұз қаласы әкімі аппаратынан рұқсат алу қажет.
Екібастұз қаласы әкімі аппараты бір күнде, бір уақытта және бір орында үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.
Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.
18. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудің мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа да қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Екібастұз қаласы әкімі аппараты оларды өткізуге тыйым салады.
19. Қорғаныс қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен), денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында бұқаралық шараларды өткiзуге тыйым салынады.
20. Егер өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, оларды өткізу тәртібі бұзылса, сондай-ақ азаматтарындың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Екібастұз қаласы әкімі аппараты өкілінің талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс.
21. Екібастұз қаласы әкімі аппараты өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажетті шаралар қолданады.
22. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
23. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиiс.
24. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде барлық туындаған қосымша шығындарды, оның ішінде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi олардың ұйымдастырушыларымен өтеледi.