Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 13/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 8 қазандағы № 380/48 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 қазанда № 6567 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 6 тамыздағы № 436/55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 06.08.2020 № 436/55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына, Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 1 және Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 31 қаңтардағы "Павлодар облысы Павлодар, Екібастұз қалаларының кейбір көшелерін қайта атау туралы" № 209/20 бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 13/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5094 болып тіркелген, 2016 жылғы 04 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      осы шешімнің 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Екібастұз қаласы аумағында митингілер, жиналыстар мен пикеттерді өткізетін орындар болып келесі орындар белгіленсін:

      1) Екібастұз қаласы, Шешембеков көшесі бойынша орналасқан "Шахтер" мәдениет және демалыс саябағы;

      2) Екібастұз қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан интернационалист – жауынгерлер гүлзары.";

      осы шешімнің 10-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Екібастұз қаласы аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:

      1) Екібастұз қаласы, МәшҺүр Жүсіп көшесі бойынша, С. Торайғыров көшесінен Мұхтар Әуезов көшесіне дейін;

      2) Екібастұз қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі бойынша, Естай Беркимбаев көшесінен Энергетиктер көшесіне дейін".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Куспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады