Бейбіт жиналыстар, митингтер, пикеттер өткізу үшін тәртібі мен орнын қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 17 наурыздағы N 159/15 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 сәуірде N 228 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі N 13/3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 12.04.2016 N 13/3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Екібастұз қаласы әкімдігінің бейбіт жиналыстар, митингтер, пикеттер өткізу үшін тәртібі мен орнын қосымша реттеу туралы ұсынысын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабын басшылыққа ала, азаматтардың құқығы мен бостандығын, қоғамдық қауіпсіздігін, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің тоқтаусыз қызметін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстар, митингтер және пикеттер өткізу орны болып – Шешембеков көшесінде орналасқан "Шахтер" мәдениет және демалыс паркі мақұлдансын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Әлеуметтік, мәдени даму және экология" (С.Ж. Рамазанов) тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      Сессия төрағасы В. Егер
      Қалалық мәслихат хатшысы Ғ. Балтабекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады