Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 30 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4989 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 16.07.2019 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді шығындау мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 21.06.2017 N 147 (алғашқы ресми жариялған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілері мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы Заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажет құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жариялған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "23" ақпандағы
№ 30 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен
орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, қызметтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 28.12.2018 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Аталуы

1

Ауданның жергілікті атқарушы органымен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу

2

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы үш мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алу

     

Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и бюджетных программ, товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором

Постановление акимата Актогайского района Павлодарской области от 23 февраля 2016 года № 30. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 14 марта 2016 года № 4989. Утратило силу постановлением акимата Актогайского района Павлодарской области от 16 июля 2019 года № 182 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Актогайского района Павлодарской области от 16.07.2019 № 182 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках", в целях оптимального, эффективного расходования бюджетных средств, акимат Актогайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить для заказчиков единым организатором государственных закупок коммунальное государственное учреждение "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Актогайского района.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением акимата Актогайского района Павлодарской области от 21.06.2017 № 147 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      2. Определить бюджетные программы, товары, работы, услуги, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором государственных закупок согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Заказчикам, администраторам местных бюджетных программ обеспечить предоставление необходимых документов единому организатору государственных закупок на организацию и проведение государственных закупок согласно действующему законодательству Республики Казахстан о государственных закупках.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района С. Батыргужинов

  Приложение
к постановлению акимата
Актогайского района от "23"
февраля 2016 года № 30

Бюджетные программы, товары, работы, услуги, по которым организация и
проведение государственных закупок выполняется единым организатором

      Сноска. Приложение - в редакции постановления акимата Актогайского района Павлодарской области от 28.12.2018 № 290 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Наименование

1

Государственные закупки товаров, работ, услуг способом конкурса (аукциона) в рамках бюджетных программ развития, предусматривающих реализацию бюджетных инвестиционных проектов районным местным исполнительным органом

2

Государственные закупки товаров, работ, услуг способом конкурса (аукциона), если сумма лота (пункта плана), выделенная на закуп превышает трехтысячекратный месячный расчетный показатель, но не более стотысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год