Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы" № 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 147 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 шілдеде № 5579 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 16.07.2019 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді шығындау мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы" № 30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4989 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда "Ауыл тынысы" және "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармағындағы "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі" сөздер "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің қаржы сұрақтарға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Әмірин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады