Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 16.07.2019 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді шығындау мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 21.06.2017 N 147 (алғашқы ресми жариялған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілері мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы Заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажет құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жариялған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Батырғұжинов |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "23" ақпандағы № 30 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен
орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 28.12.2018 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Аталуы |
1 | Ауданның жергілікті атқарушы органымен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу |
2 | Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы үш мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алу |