Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 12-3-6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 мамырда № 5128 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 130-26-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 23.05.2018 № 130-26-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Бұрын қабылданған Ертіс аудандық мәслихатының шешімдері жойылды деп танылсын:

      (V сайланған, XXVIII сессиясы) 2014 жылғы 13 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 124-28-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3753 тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған);

      (V сайланған, XXХI сессиясы) 2014 жылғы 30 шілдедегі "Ертіс аудандық мәслихатының (V сайланған, XXVIII кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 13 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 124-28-5 шешіміне толықтыру енгізу туралы" № 142-31-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3940 тіркелген, 2014 жылғы 30 тамыздағы "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған);

      (V сайланған, XXХII сессиясы) 2014 жылғы 29 қазандағы "Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 124-28-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 169-32-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4167 тіркелген, 2014 жылғы 29 қарашадағы "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы Л. Гунжель
      Ертіс аудандық
      мәслихатының хатшысы Б. Шингисов

  Ертіс аудандық мәслихатының
(VI сайланған, III кезектен тыс
сессия) 2016 жылғы 20 сәуірдегі
№ 12-3-6 шешімімен
бекітілген

      Ескерту. Қосымша – жаңа редакцияда Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 27.09.2017 № 81-18-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Ертіс аудандық бөлімшесі;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ертіс ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Ертіс ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы және мереке күндеріне орай уәкілетті органмен ақшалай мен заттай нысанында көрсетілетін көмек түсініледі.

      4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі.

      6. Жекеленіп алынған санаттағы алушыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі Ертіс ауданы әкімдігінің ұсынымы бойынша белгіленді:

      1) атаулы күндер:

      Халықаралық егде адамдар күні - 1 қазан;

      Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні - қазан айының екінші жексенбісі;

      2) мереке күндері:

      Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз;

      Жеңіс Күні - 9 мамыр.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

      Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы Үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

      8. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушының шотына аудару жолымен көрсетіледі.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі белгілейді және Ертіс аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) Ертіс аудандық мәслихатымен белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін Ертіс аудандық мәслихаты бекітеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде Ертіс аудандық мәслихаты бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Павлодар облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей ауыл және ауылдық округ әкімдерінің не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша көрсетіледі.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса келесі құжаттар ұсынылады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұлғаның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

      4) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және (немесе) құжат;

      6) екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірі.

      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысын дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса беріліп отырған құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігінің анықталуы;

      2) өтініш беруші тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тарту, жалтару;

      3) облыс бойынша белгілеген күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасындағы тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табыс мөлшерінің асуы.

      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығындарды қаржыландыру Ертіс ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Ертіс ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      5) алушының банк шоты бойынша үш айдан астам қозғалыс болмаған;

      6) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кеткен;

      7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздестіріліп жатқан адамдар фактісі, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықталған;

      8) қамқоршылықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы түскен мәліметтер.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және Ертіс ауданының мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларына
1-қосымша

Алушылар санатының тізбесі мен әлеуметтік көмектің шекті мөлшері

      1. Мынадай санаттағы азаматтардың әлеуметтік көмек алуға құқығы бар:

      1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектері;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар;

      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

      1986 - 1987, 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электрстансасы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалар;

      Ауғанстандағы және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, Ауғанстанның ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған қызметшілердің отбасылары;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары, атап айтқанда:

      қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған зайып (жұбай);

      ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар;

      4) 1941 жылғы 22 маусымынан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендері мен медальдерімен наградталмаған адамдар;

      5) зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар, атап айтқанда:

      ең аз мөлшерде зейнетақы, жәрдемақы тағайындалған және еңбек өтілі толық емес кезінде зейнетақы алатын зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар;

      сексен жастағы және одан асқан азаматтар;

      6) мүгедектер, атап айтқанда:

      бірінші және екінші топтардағы мүгедектер;

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдер (ерлер);

      мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасылар;

      7) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар аз қамтылған көпбалалы аналар;

      8) аз қамтылған отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорынсыз қалған, аудан әкімі гранты бойынша жоғары оқу орындарына түскен жалпы білім беретін мектептердің түлектері;

      9) аз қамтылған азаматтар, атап айтқанда:

      уәкілетті органның есебінде тұратын жұмыссыз азаматтар;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;

      табиғи зілзаланың немесе өрт салдарынан олардың мүліктеріне түскен зияннан төтенше жағдайға тап болған азаматтар;

      жүктілігі бойынша уақытында есепке тұрған он екі аптаға дейін мерзімдегі жүкті әйелдер, барлық жүктілік мерзіміне;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар және он сегіз жасқа дейінгі балаларға балалар жәрдемақысын алушылар ішінен отбасылар;

      қолдан тамақтандырылатын бір жасқа дейінгі балалардың тамағына, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар;

      10) әлеуметтік маңызы бар ауруларына шалдыққан азаматтар, атап айтқанда:

      онкология ауруларынан азап шеккен тұлғалар;

      адамның иммун тапшылығы вирусына шалдыққан тұлғалар;

      туберкулездің әртүрлі формаларына шалдыққан тұлғалар;

      2. Табыстарды санамағанда әлеуметтік көмек ұсынылады:

      көрсетілген санаттар үшін біржолғы:

      осы Тізбенің 1-тармағының 1) тармақшасында, өтініш негізінде, шығын сметасына және алушының мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес Жеңіс күніне тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге, бірақ 324 айлық есептік көрсеткіштер (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінен артық емес;

      осы Тізбенің 1-тармағының 9) тармақшасының екінші абзацтағы, еңбекпен оңтайландырудан өткен кезеңде 30 АЕК мөлшерінен артық емес;

      осы Тізбенің 1-тармағының 9) тармақшасының үшінші абзацтағы, 5 АЕК мөлшерінде;

      осы Тізбенің 1-тармағының 9) тармақшасының төртінші абзацтағы, 60 АЕК дейін мөлшерінде;

      осы Тізбенің 1-тармағының 9) тармақшасының алтыншы абзацтағы, өнімді ірі қара малды сатып алуға 70 АЕК дейін мөлшерінде;

      осы Тізбенің 1-тармағының 9) тармақшасының алтыншы абзацтағы, балаларды мектепке даярлау үшін бір балаға 5 АЕК мөлшерінде;

      осы Тізбенің 1-тармағының 10) тармақшасының екінші,үшінші абзацтағы, 10 АЕК мөлшерінде;

      ай сайын көрсетілген санаттар үшін:

      осы Тізбенің 1-тармағының 1) тармақшасында ауыл немесе ауылдық округтің әкімімен ұсынылған мәліметтер негізінде, дәрі-дәрмек алуға 1 АЕК мөлшерінде;

      осы Тізбенің 1-тармағының 1) тармақшасында, өтініш жасаған айдан бастап тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге 5 АЕК мөлшерінде;

      осы Тізбенің төртінші абзацта 1-тармағының 10) тармақшасында, амбулаторлық емдеуді өту кезеңіне алты ай аралығында жақсартылған тамаққа 6 АЕК мөлшерінде.

      3. Әлеуметтік көмек табысы есебімен облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар тұлғаларға ұсынылады:

      осы Тізбенің 1-тармағының 9) тармақшасының жетінші абзацтағы көрсетілген санаттар үшін, ай сайын 2 АЕК мөлшерінде;

      көрсетілген санаттар үшін біржолғы:

      осы Тізбенің 1-тармағының 9) тармақшасының екінші абзацтағы, уәкілетті органда қайтыс болған кезінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған, зейнеткерлік жасқа жақындаған (әйелдер елу жеті жастан аса, ер адамдар алпыс жастан аса) азаматтардың жерлеуіне 15 АЕК мөлшерінде;

      осы Тізбенің 1-тармағының 9) тармақшасының бесінші абзацтағы, 9 АЕК дейін мөлшерінде, сондай-ақ ұсынылған жол жүру құжаттарына сәйкес медициналық мекемемен берілген жолдама негізінде, тексерілу және (немесе) кеңес алу үшін тұрғылықты мекенжайынан Ертіс ауылына және (немесе) Павлодар қаласына дейін және кері қайту жолына жол жүру шығындарын төлеуге;

      4. Табыстарды санамағанда тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілген санаттар үшін ұсынылады:

      осы Тізбенің 1-тармағының 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтардағы, 3,6 АЕК мөлшерінде;

      осы Тізбенің 1-тармағының 5) тармақшасының екінші абзацтағы, өтініш берген айынан бастап тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге 3 АЕК мөлшерінде;

      осы Тізбенің 1-тармағының 6) тармақшасының бесінші абзацтағы, өтініш жасаған айынан бастап 6 АЕК мөлшерінде тағайындалып төленеді.

      5. Уәкілетті орган осы Тізбенің 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ең аз күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспайтын табысы бар тұлғаларға, білім беру қызметтерін көрсетуге аудан әкімінің, жоғары оқу орынның басшысының және студенттің (төлемақы зерттеу-емтихандық сессияның болымды нәтижелері бойынша жартыжылдықта бір рет жүргізіледі) қолдары қойылған үш жақты келісімшарт негізінде, сонымен қатар жоғары оқу орындарында оқу мерзімі кезеңіне тұру, тамақтану және мекенжайына бару үшін ай сайын 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Иртышского района

Решение маслихата Иртышского района Павлодарской области от 20 апреля 2016 года № 12-3-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 20 мая 2016 года № 5128. Утратило силу решением маслихата Иртышского района Павлодарской области от 23 мая 2018 года № 130-26-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Иртышского района Павлодарской области от 23.05.2018 № 130-26-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", в целях оказания социальной помощи нуждающимся гражданам, Иртышский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Иртышского района.

      2. Признать утратившими силу ранее принятые решения Иртышского районного маслихата:

      (XXVIII сессия, V созыв) от 13 марта 2014 года № 124-28-5 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Иртышского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3753, опубликовано 19 апреля 2014 года в газетах "Иртыш" и "Ертіс нұры");

      (XXXI сессия, V созыв) от 30 июля 2014 года № 142-31-5 "О внесении дополнения в решение Иртышского районного маслихата (XXVIII внеочередная сессия, V созыв) от 13 марта 2014 года № 124-28-5 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Иртышского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3940, опубликовано 30 августа 2014 года в газетах "Иртыш" и "Ертіс нұры");

      (XXXII сессия, V созыв) от 29 октября 2014 года № 169-32-5 "О внесении изменений и дополнений в решение Иртышского районного маслихата № 124-28-5 от 13 марта 2014 года "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения Перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Иртышского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4167, опубликовано 29 ноября 2014 года в газетах "Иртыш" и "Ертіс нұры").

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Иртышского районного маслихата по бюджету, социальной политике и законности.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной сессии Л. Гунжель
      Секретарь Иртышского
      районного маслихата Б. Шингисов

  Утверждены
решением Иртышского
районного маслихата
(III внеочередная сессия,
VI созыв) от 20 апреля 2016 года
№ 12-3-6

      Сноска. Приложение - в редакции решения маслихата Иртышского района Павлодарской области от 27.09.2017 № 81-18-6 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Правила оказания социальной помощи, установления
размеров и определения перечня отдельных категорий
нуждающихся граждан Иртышского района

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее - Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) уполномоченная организация – Иртышское районное отделение Департамента "Межведомственный расчетный центр социальных выплат" филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Павлодарской области;

      2) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      3) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Иртышского района, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      4) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики в Павлодарской области;

      5) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      6) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      7) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      8) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Иртышского района";

      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов сел, сельских округов Иртышского района для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;

      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая уполномоченным органом в денежной и натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      4. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и в статье 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально и один раз в полугодие).

      6. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи отдельно взятой категории получателей установлен по представлению акимата Иртышского района:

      1) памятные даты:

      Международный день пожилых людей – 1 октября;

      День инвалидов Республики Казахстан – второе воскресенье октября;

      2) праздничные дни:

      Международный женский день – 8 марта;

      День Победы – 9 мая.

      7. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых акиматом Павлодарской области.

      Типовые положения о специальных и участковых комиссиях утверждаются центральным исполнительным органом.

      8. Социальная помощь в денежной форме предоставляется через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций путем перечисления на счета получателя.

2. Порядок определения перечня категорий получателей
социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      9. Перечень категорий получателей, предельные размеры социальной помощи, сроки обращения за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара устанавливаются акиматом Иртышского района и утверждаются решением Иртышского районного маслихата согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного Иртышским районным маслихатом в кратном отношении к прожиточному минимуму.

      Окончательный перечень оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся и проведения обследований материально-бытового положения лица (семьи) утверждается Иртышским районным маслихатом.

      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются утвержденным Иртышским районным маслихатом перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.

      10. К памятным датам и праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с акиматом Павлодарской области.

      11. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

3. Порядок оказания социальной помощи

      12. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку акимов сел и сельских округов либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      13. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа представляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к Типовым правилам;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акт и (или) документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации;

      6) номер лицевого счета в банках второго уровня или в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление отдельных видов банковских операций.

      14. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      15. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким села, сельского округа в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      16. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт обследования материального положения лица (семьи) в связи с наступлением трудной жизненной ситуации, подготавливает заключение участковой комиссии о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа.

      Аким села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      17. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      18. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      19. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      20. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      21. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 17 и 18 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима села, сельского округа.

      22. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      23. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в следующих случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи), установленной по области величины прожиточного минимума.

      24. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Иртышского района на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      25. Социальная помощь прекращается в следующих случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Иртышского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем;

      5) отсутствия движений по банковскому счету получателя более трех месяцев;

      6) истечения срока действия документа, удостоверяющего личность;

      7) выявления факта без вести пропавших лиц, находящихся в розыске, представляемых Генеральной прокуратурой Республики Казахстан, в том числе из Государственной базы данных "Физические лица";

      8) поступления сведений об освобожденных и отстраненных опекунах (попечителях).

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      26. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      27. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес" или "Социальная помощь".

  Приложение 1
к Правилам оказания
социальной помощи,
установления размеров
и определения перечня
отдельных категорий
нуждающихся и граждан
Иртышского района

Перечень категорий получателей и предельный размер социальной помощи

      1. Право на социальную помощь имеют следующие категории граждан:

      1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны (далее - ВОВ);

      2) лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам ВОВ, а именно:

      граждане, работавшие в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Жителю блокадного Ленинграда";

      бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны;

      лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 - 1987, 1988 - 1989 годах;

      лица, принимавшие участие в боевых действиях в Афганистане, а также на территории других государств, в которых велись боевые действия, семьи погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане;

      3) другие категории лиц, приравненные по льготам и гарантиям к участникам войны, а именно:

      супруга (супруг) погибших военнослужащих, не вступившие в повторный брак;

      лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы ВОВ;

      4) лица, проработавшие не менее шести месяцев в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы ВОВ;

      5) лица, достигшие пенсионного возраста, а именно:

      лица, достигшие пенсионного возраста, которым назначен минимальный размер пенсий, пособий и получающие пенсию при неполном стаже работы;

      граждане в возрасте восьмидесяти и более лет;

      6) инвалиды, а именно:

      инвалиды первой и второй групп;

      дети-инвалиды до восемнадцати лет;

      женщины (мужчины) - инвалиды, имеющие несовершеннолетних детей;

      семьи, обучающие на дому детей-инвалидов;

      7) малообеспеченные многодетные матери, имеющие четырех и более несовершеннолетних детей;

      8) выпускники общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшиеся без попечения родителей, поступившие по гранту акима района в высшие учебные заведения;

      9) малообеспеченные граждане, а именно:

      безработные граждане, состоящие на учете в уполномоченном органе;

      лица, освободившиеся из мест лишения свободы;

      граждане, попавшие в экстремальную ситуацию вследствие ущерба, причиненного им либо их имуществу стихийным бедствием или пожаром;

      женщины со сроком беременности до двенадцати недель, своевременно вставшие на учет по беременности, на весь период беременности;

      семьи из числа получателей государственной адресной социальной помощи и получателей детских пособий на детей до восемнадцати лет;

      семьи со среднедушевым доходом ниже прожиточного минимума, имеющие детей на искусственном вскармливании в возрасте до одного года;

      10) граждане, имеющие социально-значимые заболевания, а именно:

      лица, страдающие онкологическими заболеваниями;

      инфицированные вирусом иммунодефицита человека;

      лица, страдающие различными формами туберкулеза.

      2. Социальная помощь без учета доходов предоставляется:

      единовременно для категорий, указанных в:

      подпункте 1) пункта 1 настоящего Перечня, на капитальный ремонт жилья ко Дню Победы, на основании заявления, согласно сметы расходов и документов, подтверждающих статус получателя, но не более 324 месячных расчетных показателей (далее - МРП);

      абзаце втором подпункта 9) пункта 1 настоящего Перечня, на период прохождения трудовой реабилитации, в размере не более 30 МРП;

      абзаце третьем подпункта 9) пункта 1 настоящего Перечня, в размере 5 МРП;

      абзаце четвертом подпункта 9) пункта 1 настоящего Перечня, в размере до 60 МРП;

      абзаце шестом подпункта 9) пункта 1 настоящего Перечня, на приобретение продуктивного крупного рогатого скота в размере до 70 МРП;

      абзаце шестом подпункта 9) пункта 1 настоящего Перечня, на подготовку детей к школе в размере 5 МРП на одного ребенка;

      абзаце втором и третьем подпункта 10) пункта 1 настоящего Перечня, в размере 10 МРП;

      ежемесячно для категорий, указанных в:

      подпункте 1) пункта 1 настоящего Перечня, на основании сведений, представленных акимом села или сельского округа, на приобретение лекарств, в размере 1 МРП;

      подпункте 1) пункта 1 настоящего Перечня, на возмещение жилищно-коммунальных услуг с месяца обращения, в размере 5 МРП;

      абзаце четвертом подпункта 10) пункта 1 настоящего Перечня, на усиленное питание в период прохождения амбулаторного лечения, в размере 6 МРП в течение шести месяцев.

      3. Социальная помощь с учетом доходов предоставляется лицам, у которых наличие среднедушевого дохода не превышает порога, установленной по области величины прожиточного минимума:

      ежемесячно для категорий, указанных в абзаце седьмом подпункта 9) пункта 1 настоящего Перечня, в размере 2 МРП;

      единовременно для категорий, указанных в:

      абзаце втором подпункта 9) пункта 1 настоящего Перечня, на погребение граждан предпенсионного возраста (женщин старше пятидесяти семи лет, мужчин старше шестидесяти лет), состоявших на момент смерти на учете в уполномоченном органе в качестве безработного, в размере 15 МРП;

      абзаце пятом подпункта 9) пункта 1 настоящего Перечня, в размере до 9 МРП, а также на возмещение затрат на проезд с постоянного места жительства для обследования и (или) консультации до села Иртышск и (или) города Павлодара и обратно, на основании направления, выданного медицинским учреждением, в соответствии с представленными проездными документами.

      4. Ежеквартальная социальная помощь без учета доходов предоставляется для категорий, указанных в:

      абзацах втором, третьем, четвертом, пятом подпункта 2) пункта 1 настоящего Перечня, в размере 3,6 МРП;

      абзаце втором подпункта 5) пункта 1 настоящего Перечня, на возмещение жилищно-коммунальных услуг с месяца обращения в размере 3 МРП;

      абзаце пятом подпункта 6) пункта 1 настоящего Перечня, назначается и выплачивается с месяца обращения в размере 6 МРП.

      5. Уполномоченный орган оказывает помощь лицам с доходом, не превышающим величину прожиточного минимума для категорий, указанных в подпункте 8) пункта 1, на основании трехстороннего договора на оказание образовательных услуг, подписанного акимом района, руководителем высшего учебного заведения и студентом (выплата производится один раз в полугодие по положительным результатам лабораторно-экзаменационной сессии), а также в период обучения в высших учебных заведениях предоставляется социальная помощь на проживание, питание и проезд к месту жительства ежемесячно в размере 10 МРП.