Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ертіс аудандық мәслихатының (V сайланған, XXVIII кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 13 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 124-28-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3753 тіркелген, 2014 жылы 19 сәуірдегі "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) (бұдан әрі - Қағидалар) мынадай толықтыру енгізілсін:
Қағидаларға қосымшаның 1-тармағы 5) тармақшаның екінші абзац "ең аз мөлшердегі зейнетақы және жәрдемақы алушы" сөздерінен кейін "және толық емес еңбек өтілімен зейнетақы алушы" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Бакишев |
Ертіс аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ж. Беспаев |