Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Качир аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы (V-сайланған XXVI-сессиясы) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 1/26 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3743 тіркелген, 2014 жылғы 5 сәуірінде "Тереңкөл тынысы" газетінің № 14, 2014 жылғы 5 сәуірінде "Заря" газетінің № 14 жарияланған);
Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі (V-сайланған XXXIII-сессиясы) "Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 1/26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 2/33 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4114 тіркелген, 2014 жылғы 18 қазанында "Тереңкөл тынысы" газетінің № 41, 2014 жылғы 18 қазанында "Заря" газетінің № 41 жарияланған);
Качир аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы (V-сайланған XLI-сессиясы) "Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 1/26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 10/41 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4419 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірінде "Тереңкөл тынысы" газетінің № 15, 2015 жылғы 16 сәуірінде "Заря" газетінің № 15 жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Ахменова |
Качир аудандықф | |
мәслихаттың хатшысы | С. Баяндинов |
Качир аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 3/3 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Качир ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Качир ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі - Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган - "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" Павлодар облысы бойынша департаментінің Качир аудандық бөлімшесі;
9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Качир ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
11) шартты ақшалай көмек - нақты ақшамен төленетін, мемлекеттің жеке тұлғаға немесе отбасыға айлық табысы төменгі күнкөріс деңгейінен 60 пайыз төмен отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру келісімшарттары негізіндегі талаптары;
12) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты - жұмысқа қабілетті жеке тұлғамен, отбасы үшін оның атынан шартты ақшалай көмек алуды тағайындауға қатысушы, және тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын өкілетті орган.
3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы және мереке күндеріне орай жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан - әрі ЖАО) ақшалай көрсетілетін көмек түсініледі.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушының шотына аудару жолымен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндер тізбесі:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
2) 9 мамыр - Жеңіс күні;
3) 1 қазан - Халықаралық қарттар күні;
4) қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының мүгедектер күні.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер (бұдан әрі - ҰОС);
2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа санаттары, атап айтқанда:
қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);
1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары;
қайталап некеге отырмаған зайыбы (жұбайы);
4) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет атқарған) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
5) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының ең төмен мөлшерін және (немесе) жәрдемақы алатын адамдар, атап айтқанда:
зейнеткерлік жасқа толған азаматтар;
80 жастан бастап және одан асқан азаматтар;
6) мүгедектер, атап айтқанда:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар мүгедектер;
бірінші, екінші топ мүгедектері;
церебральді сал ауруымен ауыратын мүгедек балалары бар отбасылар;
7) жалпы білім беретін мектепті аяқтаушы қатарынан адамдар, атап айтқанда:
жетім - балалар;
ата- ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын отбасылар;
8) аз қамтамасыз етілген азаматтар (отбасылар), атап айтқанда:
Халықты жұмыспен қамту орталығы есебінде тұрған және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жұмыссыз азаматтар;
он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасылар;
жетім - балалар;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, өрттің салдарынан тіршілікке қажетті жабдықсыз қалған адамдар;
мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарынан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасылар;
9) пжан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын азаматтар (отбасылар), атап айтқанда:
шұғыл немесе жоспарлы ота жасатқан адамдар, өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдар, соның ішінде бір айдан аса ұзақ ауыру, ота жасауды қажет ететін ауру;
12 аптаға дейін жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға жүктілік бойынша дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдер;
жасанды тағаммен тамақтандыратын 1 жасқа дейінгі емізіктегі баласы бар отбасылар;
10) әлеуметтік маңызды ауруы бар азаматтар, атап айтқанда:
онкологиялық ауруға (аурудың I, II, III, IV кезеңдері) шалдыққан адамдар;
туберкулез ауруына шалдыққан адамдар (аурудың I, II, IV санаттары);
11) күнкөріс деңгейінің 60 пайыздан аспайтын орташа табысты отбасылар.
10. Уәкілетті орган табысты есептемей көрсетеді:
1) атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
Халықаралық әйелдер күніне орай осы Қағидалардың 9 тармақтың 9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
Жеңіс күніне орай осы Қағидалардың 9 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
Халықаралық қарттар күніне орай осы Қағидалардың 9 тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
Халықаралық мүгедектер күніне орай осы Қағидалардың 9 тармақтың 6) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 9 тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген санаттарға тұрғын үй жөндеуге уәкілетті органға немесе ауылдық әкіміне, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде, осы Қағиданың 15 тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, тұрғын үй тұрмыстық тұру жағдайын тексеру актісін қоса берумен нақты шығын бойынша 160 айлық есеп көрсеткішке дейінгі мөлшерде (бұдан әрі - АЕК);
осы Қағидалардың 9 тармақтың 1), 2) тармақшаларында 3) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға тіс протезін орнату үшін 25000 (жиырма бес мың) теңгеден аспайтын мөлшерде, осы Қағиданың 15 тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен, жеке өтініші, медициналық анықтама (тіс протезіне жұмсалатын шығындар көрсетумен) негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттарға 15 АЕК мөлшерінде, осы Қағиданың 15 тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық әкімге, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға Қазақстан Республикасы бойынша медициналық мекемелерге нақты шығыны бойынша барып, қайту жол шығынын қайтаруға 25 АЕК-тен аспайтын мөлшерде қолданылған жол билеттері, облыстық бағыттағы маман қорытындысы, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері көшірмелері, осы Қағиданың 15 тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық әкімге, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 8) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттарға 60 АЕК мөлшеріне дейін арнайы комиссия қорытындысы, Качир ауданының өрт сөндіру бөлімі, төтенше жағдай жөніндегі бөлім анықтамасы, осы Қағиданың 15 тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 7) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттарға жоғары оқу орнындағы оқуын төлеуге оқу жылы үшін оқудың нақты бағасы мөлшерінде, осы Қағиданың 15 тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде және аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және өтініш беруші қолдары қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісімшарт негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 6 АЕК мөлшерінде "Качир аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын тізімге сәйкес, осы Қағиданың 15 тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен қамқоршының немесе баланың мүддесін қорғайтын адамның өтініші негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 8) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттарға 20 АЕК мөлшерінде, осы Қағиданың 15 тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, бас бостандығынан айыру орындарының анықтамасын қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 8) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға жерлеуге 15 АЕК мөлшерінде осы Қағиданың 15 тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш, қайтыс болғаны туралы куәлік, уәкілетті органның қайтыс болу мерзіміндегі тіркеудегі жағдайы туралы анықтамасы негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде, осы Қағиданың 15 тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, науқасын растайтын анықтаманы қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
3) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 9 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға дәрі-дәрмек сатып алу үшін 1 АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйым ұсынатын тізім негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға 6 ай жылу беру мерзіміне электрлік жылыту бойынша шығынын өтеуге қызмет көрсетушінің ұсынған түбіртектеріне сәйкес, осы Қағиданың 15 тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 1) тармақшасында, 3) тармақшаның бесінші абзацында көрсетілген санаттарға коммуналдық шығындарды өтеу үшін 4 АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйым ұсынатын тізім негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 8) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға кәсіптік оқуды өту мерзіміне 5 АЕК мөлшерінде, уәкілетті ұйым ұсынатын тізімге сәйкес, осы Қағиданың 15 тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық әкімге, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 7) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттарға оқу мерзімінде жатып - тұруына, тамақтануларына және тұратын жеріне бару жолақысына 19044 (он тоғыз мың қырық төрт) теңге мөлшерінде, өтініші және аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы мен өтініш беруші қолдары қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісімшарт негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға науқастың емделу тәртібін сақтаған және оларды емдеуге келіскен жағдайда 6 айдан көп емес амбулаторлық емделу мерзіміне тамақтандыруға 6 АЕК мөлшерінде, "Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері" қазынашылық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Качир бөлімшесі ұсынатын тізім негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші абзацында, 9 тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға 2 АЕК мөлшерінде коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеуге - уәкілетті ұйым ұсынатын тізімге сәйкес, жеке куәлік, екінші деңгейдегі банктегі немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдардағы есепшот нөмірін көрсетумен өтініш негізінде.
осы Қағидалардың 9 тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген санаттарға 6 ай жылу беру мерзіміне электрлік жылыту бойынша шығынын өтеуге қызмет көрсетушінің ұсынған түбіртектеріне сәйкес, осы Қағиданың 15 тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
4) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 9 тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға сауықтыруға 7 АЕК мөлшерінде, уәкілетті ұйым ұсынатын тізім негізінде.
11. Уәкілетті орган табысты есепке алумен көрсетеді:
1) біржолғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 9 тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға жоғары оқу орнындағы оқуын төлеуге оқу жылы үшін оқудың нақты бағасы мөлшерінде, осы Қағиданың 15 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде және аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және өтініш беруші қол қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісімшарт негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 8) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттарға жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыту үшін 110 АЕК мөлшерінде, ірі азық сатып алу үшін 11 АЕК мөлшерінде, тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, осы Қағиданың 15 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық әкімге, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 9) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға қатты отын сатып алуға 25 АЕК-ке дейінгі мөлшерде, арнайы комиссия қорытындысы, медициналық мекеменің анықтамасы, осы Қағиданың 15 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, "Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Качир орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізімге сәйкес, осы Қағиданың 15 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 10) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттарға балалар тамағына 4 АЕК мөлшерінде, осы Қағиданың 15 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде, "Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Качир орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде;
2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 9 тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға оқу мерзімінде жатып – тұруына, тамақтануларына және тұратын жеріне барып-қайту жолақысына 19044 (он тоғыз мың қырық төрт) теңге мөлшерінде,аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және өтініш беруші қол қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісімшарт негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 8) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттарға шағын орталықта және мектепке дейінгі мекемеде балаларды күту және ата-ананың төлемі бойынша шығынын қайтару үшін 3 АЕК мөлшерінде ауданның жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің ұсынған тізіміне сәйкес, осы Қағиданың 15 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9 тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттарға әлеуметтік көмек мөлшері отбасының әрбір мүшесіне (тұлғаға) жан басына шаққандағы табысы облыстарда бекітілген төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60 пайызы арасындағы айырмашылық болып белгіленеді (шартты ақшалай көмек мөлшері отбасы құрамының өзгерген жағдайында, сонымен қатар, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасағандағы табысты есепке алғанда, көрсетілген жағдайдың болған кезінен бастап қайта есептеледі, бірақ оның тағайындау кезінен бұрын емес).
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 9 тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттарға 2 АЕК мөлшерінде коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеуге уәкілетті ұйым ұсынатын тізімге сәйкес, осы Қағидалардың 15 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде.
12. Атаулы күндер мен мереке күндері, жекеленген санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша біріңғай мөлшерде белгіленеді.
13. Әрбір жекеленген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша уәкілетті органның бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі.15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдардағы дербес шот нөмірін көрсете отырып, өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтерді;
4) Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмекті алуға үміткер адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжатты ұсынады.
16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
23. Уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Качир ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
27. Отбасының (адамның) әлеуметтік көмек алу үшін жүгіну кезінде, әлеуметтік келісімшарт негізінде уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі кеңес беру кезінде оның қызмет көрсету шарттарын түсіндіреді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қорытындысы келісім берген кезде, азаматпен әңгіме жүргізеді, оның барысында отбасының (азаматтың) мәселелері туралы ақпаратты нақтылайды, сонымен қатар алдын-ала белгілейді:
1) талапкердің шартты ақшалай көмек алуына құқығы;
2) жұмыспен қамтуда мемлекеттік шаралардың жәрдемі.
Әңгімелесу нәтижесі бойынша әңгімелесу парақшасы рәсімделеді және өтініш берушінің отбасы және материалдық жағдайы туралы, осы Қағиданың 1 және 2 қосымшаларына сәйкес сауалнама толтырылады.
Өтініш беруші шартты ақшалай көмек алу үшін осы қағиданың 3 қосымшасына сәйкес өтініш береді.
Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алуға талаптанған отбасының (тұлғаның) табысы әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алу үшін жолданған тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына үш айға бөлу жолымен есептеледі, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан басқа және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қолдану мерзімі кезінде қайта қарастырылмайды.
Сонымен бірге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға талаптанған тұлғаның (отбасының) жиынтық табысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-п Бұйрығымен бекітілген жиынтық табысын есептеу Қағидасына сәйкес есептеледі.
Өмірлік қиын жағдайдың басталуы кезіндегі әлеуметтік көмек, (тұлғаның) отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу келісімшарттар негізіндегі тұлғаның (отбасының) белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасағанда жан басына шыққандағы айлық табысы төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын және отбасы мүшелерінің, оның ішінде жұмысқа қабілетті мүшелерінің әлеуметтік бейімделу қажеттілігі болған жағдайда көрсетіледі.
Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын қолдану мерзіміне беріледі және ай сайын немесе талапкердің өтініші бойынша үш айда бір рет төленеді.
Әлеуметтік көмектің біржолғы сомасы әлеуметтік келісімшарт негізіндегі тек әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерге байланысты іс-шараларға, соның ішінде бұрынғы қарыздарының шығындарын төлеу, жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асырудан басқа жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға (мал, құс сатып алуға және басқа да), жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға қолданылуы тиіс.
4. Отбасының белсенділігін арттырудың
әлеуметтік келісімшартын жасау
28. Өтініш берушімен отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты, осы Қағиданың 4 қосымшасындағы нысанына сәйкес жасалады.29. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмегін алу құқығын белгілегеннен кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін көмек көрсетудің жеке жоспарын осы Қағиданың 5 қосымшасындағы нысанына сәйкес әзірлеуге және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасауға шақырады.
Сонымен қатар, 1 және 2 топтағы мүгедектерден басқалары оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына белсенді қатысу үшін жолданады немесе Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес жергілікті бюджет қаражатымен іске асырылатын басқада жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға жолдамалар ұсынылады.
30. Жеке жоспар өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірігіп әзірленеді және аз қамтылған азаматтардың тұрмыс деңгейін жақсарту үшін отбасын (азаматты) кәсіби және әлеуметтік бейімдеу бойынша жоспарланған іс-шаралардан жасалады, соның ішінде:
уәкілетті органның және (немесе) жұмыспен қамту орталығының жәрдемдесуімен белсенді жұмыс іздеу және олар ұсынған жұмыс орнына орналастыру;
кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту;
жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу;
халықтың нысаналы тобының мерзімді скрининг қаралуынан өту;
отбасы құрамында жүкті әйел болған жағдайда, акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына 12 аптаға дейінгі жүктілік бойынша тіркеуге тұрғызу және жүктілік мерзімінің аяғына дейін бақылауда ұстау;
маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез сияқты сырқаттар болған жағдайда өз еркімен емделу;
арнаулы әлеуметтік көмек және (немесе) мүгедектерді оңалту шараларын дер кезінде алу;
аз қамтылған отбасының (азаматтың) қажеттілігіне байланысты уәкілетті органның қарауы бойынша кәсіптік және әлеуметтік бейімделу бойынша басқа да іс-шаралар.
31. Келесі жағдайлардан басқа, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу отбасының жұмысқа қабылетті мүшесінің міндетті шарты болып табылады:
стационарлық, амбулаториялық (санаторлық) емделу мерзімінде (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда);
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттік шараларына қатысуға негізгі талапкердің жүзеге асыруынан басқа, үш жасқа дейінгі балаға қарау, он сегіз жасқа толғанға дейінгі мүгедек – балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, үнемі көмек және күтімді қажет ететін сексен жастан асқан қарт адамдарға.
32. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, тағы да алты айға ұзарту мүмкіндігімен, бірақ бір жылдан көп емес отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған жағдайда және (немесе) отбасының жұмысқа қабылетті мүшелерінің кәсіби оқуын және (немесе) жастар практикасынан өтуде және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуін бітірмеген жағдайда жасалады.
33. Отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған кезде әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері қайта қарастырылмайды.
34. Отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, біреуі өтініш берушіге, тіркеу журналында қолын қойғызып беріледі, екіншісі отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған ұйымда сақталады.
35. Отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мониторингі шартты жасаған органмен жүзеге асырылады.
36. Уәкілетті орган отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттың барлық кезеңінде қолдау жасайды және жеке жоспардың орындалуын бақылайды, сондай-ақ оның тиімділігін бағалайды.
5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті
тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
37. Әлеуметтік көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
38. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
6. Қорытынды ереже
39. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.Шартталған ақшалай көмек алу үшін сауалнама парағы
Өтініш берушінің Т.А.Ә. ______________________________________________Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.___
__________________________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген күн _____________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: _____________________
__________________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):
Отбасы мүшелері | Кәсібі | Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері | Жалпы жұмыс өтілі | Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі | Еңбек дағдылары мен шеберлігі | Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы |
Өтініш беруші | | | | | | |
Зайыбы (жұбайы) | | | | | | |
Басқа ересектер | | | | | | |
Өтініш беруші:_______________________________________________________
Зайыбы (жұбайы):_____________________________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері: ___________________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас _____________________________
Отбасындағы қиындықтар _____________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының бағасы ________________________________
Проблемалар, мазасыздық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді __________________________________________________________________________
Отбасының (жалғызтұратыназаматтың) қалауы __________________________
__________________________________________________________________________
Басқа ______________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тараптардың қолы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қатысушы (лар)
___________________(қолы) ___________________(қолы)
___________________(күні) ___________________(күні)
Өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама
Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер:Т.А.Ә. | Туған жылы | Туыстық қатысы | Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала) | Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны | 15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі) |
| | | | | |
Мектепке жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға барама __________
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады.
Р/с№ | Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Жұмыс, оқу орны (жұмыс сыздар жұмыспен қамту уәкілетті органының тіркелімінде екенін растайтын анықтама ұсынады) | Құжатпен расталған табыс сомасы | Басқа да көрсетілген табыстары | ||||
Жұмыс орны қызметінен | Зейнетақы, жәрдемақы | Кәсіпкерлік қызметтен | шәкіртақы | алименттер | Басқа да табыстар | |||
| | | | | | | | |
тұрғын ауданы: ________ шаршы метр; меншік нысаны: ________;
ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны; тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда, жөнделмеген);
(қажеттісінің астын сызу)
үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, сабан, іргетасы жоқ сабан, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй); (қажеттісінің астын сызу)
тұрғын үйдің жабдықталуы (суқұбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.)
(қажеттісінің астын сызу)
Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлікпен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:
Мүліктің түрі | Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.) | Тиесілігі |
| | |
| | |
өтініш беруші ________________________________________________________
зайыбы (жұбайы) _____________________________________________________
балалар _____________________________________________________________
басқа да туысқандары ________________________________________________
16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер: __________________________________________
Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
тамақтануға да жетпейді
тамақтануға ғана жетеді
тамақтануға және басты қажеттілік заттарына ғана жетеді балаларды киіммен, аяқкиіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі)
_______________________________________________________________________
Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз:
бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналастыру;
микрокредит беру;
кәсіптік оқыту (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру;
"Жастар практикасына" қатысу;
әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу.
______________ ____________________ ___________
(күні) (Т.А.Ә.) (қолы)
Өтініш
Мені (менің отбасымды) жобаға қабылдауды және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек тағайындауды сұраймын.Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін менің отбасымның мүшелері туралы ақпаратты (табыс, білім, негізгі қаражат) пайдалануға, сондай-ақ тиісті ақпаратты мемлекеттік органдарда тексеруге, сәйкестікке келтіруге және жаңартуға келісім беремін.
Мен берген ақпараттың құпия екендігі және ол әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін ғана пайдаланылатыны туралы маған хабарланды.
Менің отбасым (мені қоса алғанда) _____ адамнан тұрады.
Отбасы құрамында өзгерістер болған жағдайда, ол туралы он бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы маған ескертілді.
Мен атаулы әлеуметтік көмектен (отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда) бас тартамын және менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге келісемін.
Құқығым болған жағдайда маған және менің отбасымның мүшелеріне бір мезгілде мынадай көмектерді көрсетуіңізді сұраймын:
тұрғын үй көмегі
арнайы әлеуметтік қызметтер
мүгедектерді жеке оңалту шаралары (сурдотехникалық, тифлотехникалық, протездік-ортопедичлық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз ету, ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету
жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек
20__ ж "___"______________________________
(күні) (өтініш берушінің қолы)
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік белгілері үшін
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Құжаттар қабылданды 20__ ж "___" __________.
_______________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
Отбасының тіркеу нөмірі
Өтініш қоса берілген құжаттармен 20__ ж. "__"__________ учаскелік комиссияға берілді. 20__ ж. "__"__________ қабылданды
____________________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы)
Өтініш берушінің қолы _______________
__ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(қию сызығы)
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілдім. Азамат __________________________өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының _____________ тіркеу нөмірімен "____" _____________20__ ж. қабылданды.
____________________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты
_______________ № ____ 20 __ жылғы "____" _____________(жасалған орны)
Бұдан әрі ________________________________________________________ деп
(уәкілетті органның атауы)
аталатын атынан _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), уәкілетті өкілдің атқаратын лауазымы)
бір тараптан және бұдан әрі "қатысушы" деп аталатын белгіленген ақшалай көмек алушы отбасы атынан азамат _____________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы,
_________________________________________________________________________,
жеке сәйкестендіру нөмірі, құжаттың сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
______________________________ мекенжай бойынша тұратын екінші тараптан отбасының белсенділігін арттырудың осы әлеуметтік келісімшартын (бұдан әрі - келісімшарт) төмендегілер туралы жасасты:
1. Келісімшарт мәні
1. Келісімшарт мәні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және отбасы (адам) жүзеге асыратын, отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады. 2. Келісімшарт тараптарының міндеттері
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:1) қатысушыға және (немесе) оның отбасы мүшелеріне, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда отбасының _____ мүшесіне:________________
____________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
______________________ бастап _____________________ дейінгі кезеңге ай сайын
_________ (____________________________) теңге мөлшерінде және
(сомасы жазбаша)
(немесе) бір жолғы_________ (______________________) теңге мөлшерінде
(сомасы жазбаша)
____________________________________________________________________
(жеке қосалқы шаруашылықты дамыту (үй малын, құсын сатып алу және т.б.),
____________________________________________________________________
жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру) шартты ақшалай көмекті төлейді;
2) келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Отбасыға көмектің жеке жоспарына (бұдан әрі – Жеке жоспар) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу (қажет болған жағдайда) бойынша іс-шаралар ұсынуды ұйымдастырады;
3) отбасының (адамның) өзін-өзі қамтамасыз етуге өтуіне ықпал және келісімшартты іске асыру мерзімі ішінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
4) Жеке жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруға жұмылдырылған басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады;
5) белгіленген ақшалай көмек алушының және (оның) оның отбасы мүшелерінің Жеке жоспарды орындау бойынша келісімшарттың міндеттемелерін орындауына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
3. Белгіленген ақшалай көмек алушының және оның отбасы мүшелері:
1) келісімшарт талаптарын және Жеке жоспар бойынша іс-шараларды толық көлемде орындайды және өмірлік қиын жағдайдан шығу бойынша белсенді іс-әрекеттер қабылдайды;
2) жұмыспен қамту орталығымен жасалған әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындайды;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу нәтижесінде жұмыспен қамту орталығы немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасады;
4) халықтың нысаналы топтарының скринингтік тексеруден өтеді:
отбасы құрамында жүкті әйел болса, акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымында уақытында жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясында тіркеуге тұрып және жүктіліктің бүкіл кезеңі ішінде бақылауда болады;
5) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне шартты ақшалай көмек тағайындауға және оның мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туындауы туралы ақпаратты көрсетілген жағдайлар туындаған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынады;
6) банк шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен осы өзгерістер туралы өтініш беру жолымен хабарлайды;
7) шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда заңсыз алынған ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтарады.
3. Тараптардың құқықтары
1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:1) отбасының және оның отбасы мүшелерінің мұқтаждығын тексеру және айқындау үшін үшінші адамдардан (кәсіпорындардан, салық органдарынан және басқа да ұйымдардан) олардың табыстары мен мүлкі туралы қосымша мәліметтерді сұратады;
2) отбасының материалдық жағдайын тексереді;
3) алынған ақпаратты шартты ақшалай көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы мәселені шешу кезінде пайдаланады;
4) егер отбасы жұмыспен қамту орталығымен жасалған келісімшарттың және әлеуметтік келісімшарттың міндеттемелерін орындамаса, шартты ақшалай көмек төлеу тоқтатылады;
5) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
6) келісімшарт аясында өзге де мәселелерді шешеді.
2. Шартты ақшалай көмек алушы:
1) келісімшартта және Жеке жоспарда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын алады;
2) отбасы құрамының өзгеруіне байланысты шартты ақшалай көмекті қайта есептетуге құқығы бар;
3) Жеке жоспар іс-шараларының орындалуымен байланысты консультация мен ақпарат алады.
4. Келісімшарттың талаптарын
орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігі
3. Шартты ақшалай көмек алушы және оның отбасы мүшелері шартты ақшалай көмек тағайындауға берілген өтініште жалған немесе толық емес мәліметтер көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және жұмыспен қамту орталығы отбасына келісімшартта және әлеуметтік келісімшартта, сондай-ақ Жеке жоспарда көзделген көлемде әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты болады.
5. Осы келісімшартты және әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді және оның мониторингін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
6. Келісімшарт талаптарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Күтпеген жағдайлар
7. Тараптар азаматтық заңнамада көзделген күтпеген жағдайлар туындаған кезде міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.8. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде осы келісімшартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелердің орындалуы осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап күтпеген жағдайлар басталған немесе аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
9. Егер күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты тараптардың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмауы____(кезеңді көрсету) күннен асатын болса, тараптар осы келісімшартты бұзуға құқылы.
6. Өзге де талаптар
10. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша келісімге қол қою арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.11. Келісімшарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20 __ жыл қоса қолданылады.
12. Жұмыспен қамту орталығы және отбасының еңбекке қабілетті мүшелері арасында жасалған осы келісімшарттың және әлеуметтік келісімшарттың талаптарын отбасы орындамаған жағдайда, келісімшартты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бір жақты тәртіппен бұзады.
13. Осы келісімшарт екі данада жасалған,бірдей заңды күші бар.
7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
________________________ _______________________(уәкілетті органның толық атауы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
____________________________ ___________________________
(мекенжайы) (мекенжайы)
___________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ________________
(қолы)
________________ ________________
(қолы) (қолы)
Отбасыға көмектің жеке жоспары
Уәкілетті орган _____________________________________________________Көмекті алушы: ____________________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған кезде), тұратын мекенжайы)
Келісімшарттың қолданылуы басталған күн: _____________________________
Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күн: ___________________________
Қажетті іс-әрекеттер:_________________________________________________
1. Отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған көмектің 20___жыл _______________ (айын көрсету) іс-шаралар жоспары және сол бойынша 20___жыл__________ (айын көрсету) есептілікті ұсыну
№ | Т.А.Ә. (болған кезде) | Іс-шаралар | Орындалу мерзімі | Жауапты маман | Көмекті, қызметті ұсынатын орган (мекеме) | Күнін көрсете отырып, орындалуы туралы белгі | Нәтижесі (бағалау) |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
__________________________________________________________________________
Қажетті өзара іс-әрекеттер:
- жұмыспен қамту органымен ___________________________________
- денсаулық сақтау органымен _____________________________________
- басқа да байланыстар ___________________________________________
Консультанттың қолы: _______________ Күні:_______________
(Кезеңдер саны отбасындағы нақты жағдайлармен бейімдеу бағдарламасына байланысты)
Берілетін көмектің түрлері:
Ай сайынғы жәрдемақы | Біржолғы төлем | Жергілікті бюджеттің есебінен іске асырылатын өзге де көмек түрлері |
| | |
Шығын сметасы:
Сатып алынған техниканың, жабдықтардың және басқа да атаулары | Сомасы, мың теңге |
| |
Барлығы: | |
Келісімшарт жасалғанға дейін | Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша | |
ШАК мөлшерін қоса есептегенде | ШАК мөлшерін есептемегенде | |
| | |
__________________________________________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі: ___________________
__________________________________________________________________________
Уәкілетті өкілдің (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________________
(қолы)
20____жылғы "___" ______________