Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 1/26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 2/33 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қазанда № 4114 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 сәуірдегі N 3/3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 22.04.2016 N 3/3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданындағы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 1/26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3743 тіркелген, 2014 жылғы 5 сәуірде "Тереңкөл тынысы" газетінің № 14, 2014 жылғы 5 сәуірде "Заря" газетінің № 14 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      8-тармақта 4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      "4) қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының мүгедектер күні.";
      9-тармақта 9) тармақшасында екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттік жәрдемақы алатындар қатарынан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасылары;";
      10-тармақта 1) тармақшасында бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай осы Қағидалардың 9 тармақтың 6) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;";
      10-тармақта 3) тармақша мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "осы Қағидалардың 9 тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында, 9 тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызмет бойынша шығындарды қайтаруға 2 АЕК мөлшерінде - екінші деңгейдегі банктерде немесе жекеленген түрдегі банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы есепшот нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке куәлік, уәкілетті ұйым ұсынатын тізім негізінде;".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Баяндинов
      Качир аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады