Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 1/60 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 сәуірде № 5037 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 1/62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 18.09.2020 № 1/62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Май ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы (V сайланған XLVI (кезектен тыс) сессиясы) "Май ауданы елді мекендер аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы" № 3/46 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4342 тіркелген, 2015 жылғы 14 наурыздағы аудандық "Шамшырақ" газетінің № 11 басылымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі депутаттық тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Н. Жұмабекова
      Аудандық мәслихатының хатшысы Ғ. Арынов

  Май аудандық мәслихатының
(V сайланған LХ (кезектен тыс)
сессиясының) 2016
жылғы 16 наурыздағы
№ 1/60 шешімімен
бекітілді

Май ауданы аумағында бейбіт жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Май ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу үшін Май аудан әкімінің аппаратына өтініш беріледі.

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініштерді еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.

      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оны өткізудің белгіленген датасынан кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген датасы көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі Май аудан әкімінің аппаратында тіркелген күнінен бастап есептеледі.

      5. Май ауданы әкімінің аппараты өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш беру барысында осы Қосымша тәртіптің 4 тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Май ауданы әкімінің аппараты осы бұзушылықтарды жаңа өтініш берген кезде жою туралы ресми түрде ұсыныс береді. Жаңа өтінішті қарау мерзімі өтініш түскен сәттен бастап саналады.

      7. Май ауданы әкімінің аппараты басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге де уақыты мен жерін ұсынады.

      8. Егер, Май ауданы әкімінің аппараты митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрациялардан бас тартатын болса, онда ұйымдастырушылар ықтимал қатысушыларға барлық дайындық жұмыстардың күші жойылғаны туралы шаралар қабылданғанын міндетті түрде хабарлауы қажет.

      9. Май ауданы аумағында митингілер мен жиналыстар өткізетін орындар болып келесі орындар белгіленсін:

      а) Көктөбе ауылы, С. Сейфуллин көшесінде саяси қуғын-сүргін құрбандары ескерткіші орналасқан ардагерлер паркі алдында;

      б) Көктөбе ауылы У. Сыздықов көшесінде У. Сыздықов ескерткіші алдында.

      10. Май ауданы аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:

      а) Көктөбе ауылы, Уалиханов көшесінен Жеңіс паркіне дейін, атап айтқанда Қазыбек би көшесімен;

      б) Көктөбе ауылы, Сейфуллин көшесінен Тәуелсіздік алаңына дейін, атап айтқанда Абылай хан көшесімен.

      11. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.

      12. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.

      13. Шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға тыйым салынатын іс-шаралар:

      1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елді мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;

      3) Май ауданы әкімінің аппараты рұқсатынсыз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;

      5) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      6) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына;

      7) алкоголдік және есірткілік масаңдық күйде қатысуына.

      14. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрацияларды өткізу орындарында алкогольдік ішімдіктерді ішуге, есірткілік құралдарды, психотроптық заттарды және олардың аналогтары мен прекусорларын қолдануға, транспоранттарды, ұрандарды және басқа да материалдарды (көрнекі, аудио және видео) пайдалануға, құрамында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға үндейтін, сондай-ақ кімнің болса да атына тіл тигізетін сөздері бар мағынада көпшілік алдында сөйлеуге тыйым салынады.

      15. Пикеттер белгіленген кезеңдерде және өтініште көрсетілген нақты орнында міндеттеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.

      16. Пикеттеу кезінде рұқсат етіледі:

      1) пикеттірілген объектіде тұру немесе отыру;

      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалану;

      3) пикет тақырыбына байланысты қысқа ұрандар айту.

      17. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерткен жағдайда белгіленген тәртіппен Май ауданы әкімінің аппаратынан рұқсат алу қажет.

      Май ауданының әкімінің аппараты бір күнде, бір уақытта және бір орында үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

      Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.

      18. Егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, Май ауданы әкімінің аппараты бұларды өткізуге тыйым салады.

      19. Қорғаныс қауіпсіздігін және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерімен) денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынады.

      20. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Май ауданы әкімі аппараты өкілінің талап етуі бойынша сөзсіз тоқтатылуы тиіс.

      21. Май ауданы әкімі аппараты өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолданады.

      22. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

      23. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу кезінде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтірген материалдық залалы үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиіс.

      24. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткізілетін жерде қоғамдық тәртіпті сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнінде туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейді.

Об утверждении дополнительного порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Решение маслихата Майского района Павлодарской области от 16 марта 2016 года № 1/60. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 04 апреля 2016 года № 5037. Утратило силу решением Майского районного маслихата Павлодарской области от 18 сентября 2020 года № 1/62 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Майского районного маслихата Павлодарской области от 18.09.2020 № 1/62 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", Майский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить дополнительный порядок проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Майского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Майского районного маслихата (V созыв XLVI (внеочередная) сессия) от 19 февраля 2015 года № 3/46 "О дополнительном регламентировании проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории населенных пунктов Майского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативно правовых актов за № 4342, опубликованное от 14 марта 2015 года в районной газете "Шамшырақ" № 11).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по вопросам социально-культурного развития и по защите законных прав и интересов граждан.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Н. Жұмабекова
      Секретарь районного маслихата Г. Арынов

  Утвержден
решением Майского
районного маслихата
(LХ (внеочередная)
сессия, V созыв)
от 16 марта 2016 года № 1/60

Дополнительный порядок проведения
мирных собраний, митингов, шествий, пикетов
и демонстраций на территории Майского района

      1. Дополнительный порядок проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Майского района разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан".

      2. Для проведения собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается заявление в аппарат акима Майского района.

      3. Заявления о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подают уполномоченные трудовых коллективов, общественных объединений или отдельных групп граждан Республики Казахстан, достигшие восемнадцатилетнего возраста.

      4. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается в письменной форме не позднее, чем за 10 дней до намеченной даты их проведения. В заявлении указываются цель, форма, место проведения мероприятия или маршруты движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение общественного порядка, место их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в аппарате акима Майского района.

      5. Аппарат акима Майского района рассматривает заявление и сообщает уполномоченным (организаторам) о принятом решении не позднее, чем за пять дней до времени проведения мероприятия, указанного в заявлении.

      6. В случае не соблюдения требований пункта 4 настоящего Дополнительного порядка при подаче заявления о проведении мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций аппаратом акима Майского района дается официальный ответ с предложением устранить допущенные нарушения путем подачи нового заявления. Сроки рассмотрения нового заявления исчисляются с момента его поступления.

      7. Аппарат акима Майского района в целях обеспечения прав и свобод других лиц, общественной безопасности, а также нормального функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленных насаждений и малых архитектурных форм при необходимости предлагает обратившимся с заявлением альтернативные места проведения мероприятия.

      8. В случаях, когда получен отказ аппарата акима Майского района в разрешении митинга, шествия, пикета и демонстрации или когда состоялось решение о его запрещении, организаторы обязаны незамедлительно принять меры по отмене всех подготовительных мероприятий и по надлежащему оповещению об этом потенциальных участников.

      9. Местом проведения митингов и собраний на территории Майского района определить следующие места:

      а) село Коктобе, улица С. Сейфуллина перед памятником жертвам политических репрессий;

      б) село Коктобе, улица У. Сыздыкова перед памятником У. Сыздыкова.

      10. Для проведения шествий и демонстраций на территории Майского района определить следующее маршруты:

      а) село Коктобе, от улицы Валиханова до Парка Победы, а именно по улице Казыбек би;

      б) село Коктобе, от улицы Сейфуллина до Площади Независимости, а именно по улице Абылай хана.

      11. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстраций, а также выступления их участников проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и в обусловленном месте.

      12. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций уполномоченные (организаторы), а также иные участники обязаны соблюдать общественный порядок.

      13. Организаторам и участникам мероприятия запрещается:

      1) препятствовать движению транспорта и пешеходов;

      2) создавать помехи для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;

      3) установливать юрты, палатки, иные временные сооружения без согласования с аппаратом акима Майского района;

      4) наносить ущерб зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;

      5) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы, могущие быть использованными против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;

      6) вмешиваться в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественный порядок при проведении мероприятий;

      7) участие в состоянии алкогольного и наркотического опьянения.

      14. В местах проведения собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации не допускается распитие алкогольных напитков, употребление наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, прекурсоров, использования транспарантов, лозунгов, иных материалов (визуальных, аудио и видео), публичное выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений, а также оскорблений в адрес кого бы то ни было.

      15. Пикеты должны проводиться в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и обусловленном месте.

      16. При пикетировании разрешается:

      1) стоять, сидеть у пикетируемого объекта;

      2) использовать средства наглядной агитации;

      3) выкрикивать краткие лозунги, слоганы по теме пикета.

      17. В случае изменения проведения пикета на иную форму (митинг, собрание, шествие, демонстрацию) требуется получение в установленном порядке разрешение аппарата акима Майского района.

      Аппарат акима Майского района может разрешить проведение в один и тот же день и время на одном и том же объекте не более 3 одиночных пикетов.

      Участники различных одиночных пикетов должны распологаться относительно друг друга на растоянии не менее 50 метров или быть в пределах прямой видимости.

      18. Аппарат акима Майского района запрещает проведения митинга, собрания, шествия, пикета или демонстрации, если целью их является разжигание расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, сословной исключительности, насильственное ниспровержение конституционного строя, посягательство на территориальную целостность республики, а также нарушение других положений Конституции, законов и иных нормативных актов Республики Казахстан, либо их проведение угрожает общественному порядку и безопастности граждан.

      19. Не допускается проведение массовых мероприятий у организаций, обеспечивающих обороноспособность, жизнедеятельность населения (снабжение водой, электроэнергией, теплом и другими энергоносителями), учреждений здравоохранения и образования.

      20. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации должны быть безусловно прекращены по требованию представителя аппарата акима Майского района, если: не было подано заявление, состоялось решение о запрещении, нарушен порядок их проведения, а также при возникновении опасности для жизни и здоровья граждан, нарушении общественного порядка.

      21. В случае отказа от выполнения законных требований представителя аппарата акима Майского района, по его указанию органами внутренних дел принимаются необходимые меры по прекращению собрания, митинга, шествия, пикетирования и демонстрации.

      22. Лица, нарушившие установленный порядок организации и проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      23. Материальный ущерб, причиненный во время проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций их участниками гражданам, общественным объединениям, государству, подлежит возмещению в установленном законом порядке.

      24. Все дополнительно возникшие затраты, в том числе по охране общественного порядка, предоставлению помещений, санитарной очистке, освещению и радиофицированию места проведения собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации, возмещаются их организаторами.