Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 1/60 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5037 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Май аудандық маслихатының сессия төрағасы | Н. Жумабекова |
Май аудандық маслихатының хатшысы | Г. Арынов |