Май ауданы елді мекендер аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 3/46 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 4342 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы N 1/60 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 16.03.2016 N 1/60 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Май ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі депутаттық тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ж. Нұров
      Аудандық мәслихатының хатшысы Ғ. Арынов

  Май аудандық мәслихатының
(V сайланған ХLVІ
(кезектен тыс) сессиясы)
2015 жылғы 19 ақпандағы
№ 3/46 шешіміне
қосымша

Май ауданы ауылдық округтері бойынша бейбіт жиналыстарды, митингілерді,
шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу орындары

№ р/с
Елді мекен атауы
Өткізу орны
1
Көктөбе ауылы
Ардагерлер аллеясы ескерткішінің алдындағы алаң
2
Саты ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң
3
Малайсары ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң
4
Кеңтүбек ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң
5
Жұмыскер ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң
6
Майтүбек ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң
7
Май ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң
8
Ақжар ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң
9
Баскөл ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң
10
Ақшиман ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң
11
Қаратерек ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады