Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 23.07.2019 № 222/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Успен ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Успен ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып анықталсын.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау бұл мәселеге жетекшілік ететін Успен ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Ауданы әкімі | Б. Демеуов |
Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 30/2 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушымен
жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 10.09.2018 № 211/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ р/с | Атауы |
1. | Аудандық жергілікті атқарушы органмен бюджеттік инвестицияның жобаларды жүзеге асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттік сатып алуын өткізу |
2. | Тапсырыс берушілер бастамасы бойынша тиісті қаржы жылына белгіленген сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен асатын, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен аспаса конкурс (аукцион) тәсілімен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алулар |