Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және Успен ауданының білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында Успен ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, тұлғаларға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы аудандағы жалпы жұмыс орындар санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасы аудандағы жалпы жұмыс орындары санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
3. Білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы аудандағы жалпы жұмыс орындар санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
4. "Успен ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және Успен ауданының білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды, өтініш берген тұлғаларды жұмысқа жолдағанда осы қаулыны басшылыққа алсын.
5. "Успен ауданының әкімнің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
аумақтық әділет органында осы қаулының мемлекеттік тіркеуін;
аумақтық әділет органында осы қаулының мемлекеттік тіркеуінен кейін он күнтізбелік күн ағымында бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін Успен ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Демеуов |