Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және Успен ауданының білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 05 шілдедегі № 122/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 шілдеде № 5182 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 172/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 19.09.2016 № 172/9 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және Успен ауданының білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында Успен ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, тұлғаларға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы аудандағы жалпы жұмыс орындар санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасы аудандағы жалпы жұмыс орындары санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      3. Білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы аудандағы жалпы жұмыс орындар санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      4. "Успен ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және Успен ауданының білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды, өтініш берген тұлғаларды жұмысқа жолдағанда осы қаулыны басшылыққа алсын.
      5. "Успен ауданының әкімнің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      аумақтық әділет органында осы қаулының мемлекеттік тіркеуін;
      аумақтық әділет органында осы қаулының мемлекеттік тіркеуінен кейін он күнтізбелік күн ағымында бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін Успен ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Демеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады