Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Успен ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде Лозов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ет қоректілер құтырмасы ауруының анықталуына байланысты, Лозов ауылдық округінің Екатеринославка ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. "Успен ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша) және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Ауылдық округінің әкімі | Б. Баймолдинов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Успен ауданының ветеринария | |
бөлімі" мемлекеттік мекесі | |
басшысының міндетін атқарушысы | |
2016 жылғы "25" наурыз | Е. Бекжанов |
Қазақстан Республикасы Ауыл | |
шаруашылығы министрлігі | |
ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау Комитетінің Успен | |
аудандық аумақтық | |
инспекциясының басшысы | |
2016 жылғы "25" наурыз | Б. Ағатанов |