1. Лозов ауылдық округі Екатеринослав ауылы аумағында ет қоректілердің құтыруына қарсы кешенді ветеринарлық шаралардың жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Лозов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1 "Лозов ауылдық округі Екатеринослав ауылы аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" шешімнің (Павлодар облысының Әділет Департаментінде 2016 жылдың 14 сәуірінде № 5070 тіркелген, 2016 жылдың 23 сәуірінде аудандық "Аймақ ажары" газетінің № 16 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Лозов ауылдық | |
округінің әкімі | Б. Баймолдинов |