Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 08.12.2023 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLI сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
1) 3. "Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі" тарауы:
келесі мазмұндағы 31-1 тармағымен толықтырылсын:
"31-1. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы әр ай сайын 29-на дейін емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген туберкулезбен науқас адамдардың тізімін, сондай-ақ "Каменское Плато" туберкулезге қарсы шипажайына стационарлық емдеуге жолданған туберкулезбен науқас адамдардың тізімін және емін 7 күннен аса үзген туберкулезбен науқас адамдардың тізімін Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынсын.";
2) 4. "Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер" тарауындағы:
42 тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) туберкулезбен ауыратын науқастарды "Каменское плато" туберкулезге қарсы шипажайына стационарлық емдеуге немесе Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының тізіміне сәйкес емін 7 күннен аса дәлелсіз себептер бойынша үзген кезде жіберу.".
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:
1) осы шешімді Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Х.Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р.Тауфиковқа жүктелсін (келісім бойынша).
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XII сессиясының төрағасы |
К. Авершин |
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |