Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап, ал 41-тармағының 8) және 9) тармақшалары 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешіміне 1-қосымша |
Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Әлеуметтік көмек ақшалай немесе заттай нысанда және Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға біржолғы және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Алматы қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек – Алматы қаласы әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын Алматы қаласы аудандарының әкімдіктері;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – Алматы қаласының статистика органы есептейтін ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін Алматы қаласы аудан әкімінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
11) көп балалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;
12) транскрипт – кредиттер мен бағаларды көрсететін тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер тізбесі мен оқу жұмысының басқа түрлерінен құралған құжат;
13) АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына әкеп соғатын созылмалы инфекциялық ауру;
4. Әлеуметтік көмек өтініш берілген сәттен бастап алдыңғы тоқсанға берілген кірістер туралы мәліметтер негізінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады.
Жиынтық кіріс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 32609 болып тіркелген) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларына сәйкес есептеледі.
5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Алматы қаласының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
6. Әлеуметтік көмек алушылары ұсынған мәліметтерінің растығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
7. Заттай нысандағы әлеуметтік көмек қызмет көрсету жолымен беріледі, ал оның өнім берушісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арқылы анықталады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және
әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;
2) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
3) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы негіз болып табылады.
9. Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде Алматы қаласының мәслихаты бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.
10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін Алматы қаласы әкімінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ал оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің
тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні, мәртебесі Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 5-бабында айқындалған басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 100 (жүз) мың теңге.
Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне:
1) мәртебеcі Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 (бір) миллион теңге;
2) мәртебеcі Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 6-бабымен белгіленген, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – 100 (жүз) мың теңге;
3) мәртебесі Қазақстан Республикасы "Ардагерлер туралы" Заңының 5–бабында айқындалған басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 100 (жүз) мың теңге.
4) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 100 (жүз) мың теңге;
5) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 100 (жүз) мың теңге;
6) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 50 (елу) мың теңге;
7) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 50 (елу) мың теңге;
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бірнеше санаттарға жататын әрбір адамға атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша ғана аударылады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні: Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар – 250 (екі жүз елу) мың теңге.
13. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек біржолғы ақшалай төлем түрінде осы Қағидалардың 24-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген азаматтарға тұрғын үй алу үшін 1 (бір) миллион теңге мөлшерінде көрсетіледі:
1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
3) 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;
4) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
5) 6 шілде – Астана күні;
6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
7) 25 қазан – Республика күні;
8) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Әлеуметтік көмек алушының "Отбасы банк" акционерлік қоғамында ашылған банк шотына аударылады.
4. Өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіруіне байланысты әлеуметтік көмекке жүгіну, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері және мерзімдері
14. Өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек келесі мөлшерлерде көрсетіледі:
баспанасынан айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде баспана иесінің отбасына 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін;
төтенше жағдай және өрт салдарынан қазалы жағдай орын алғанда қайтыс болған отбасының әр мүшесіне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш.
Әлеуметтік көмек төтенше жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
5. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің шекті мөлшері
15. Жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет әлеуметтік көмек 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
16. Ыстық және (немесе) суық сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 3,4 (үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
3) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі барларға;
4) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге.
Әлеуметтік көмектің аталған түрі ыстық және (немесе) суық сумен және (немесе) газбен және (немесе) газ құбырымен жабдықтау құралдарын орнатқан немесе тексеруден өткізген күннен бастап алты айдан кешіктірмей көрсетіледі.
17. Жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан тұрғын үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 100 % шығыны мөлшерінде, бірақ үш нүктеден көп емес:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
3) құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектігі бар отбасыларына;
4) мүгедектігі бар балаларды тәрбилейтін отбасыларына;
5) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге.
Аталған газ құбырын жалпы басынан үйге дейін орнату және жүргізу шығындарын өтеу біржолғы болып есептеледі және алған өтініш иесіне, отбасы мүшелеріне және онымен бірге тұрақты тұратын адамдарға қайта көрсетілмейді.
18. Әлеуметтік көмектің аталған түрлері тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған қаражат шегінде көрсетіледі.
6. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мерзімді әлеуметтік көмек
көрсетудің шекті мөлшерлері
19. Әлеуметтік көмек азаматтың (отбасы) табысы есепке алынбай ай сайын 6,5 (алты жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын құжаттарын қайта тапсыру талап етілмей (өмірлік) келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) мәртебеcі Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 4-бабымен белгіленген Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;
3) Aуғанстандағы соғыс қимылдары кезінде немесе ұрыс қимылдары болған басқа мемлекеттерде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына.
20. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 (үш) есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
1) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге (бұдан әрі – зейнет жасына толған зейнеткерлер);
2) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектігі барларға көрсетіледі.
21. Әлеуметтік көмек емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға табысы есепке алынбай, жыл сайын тағайындалып, ай сайын 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Егер емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған балаларға тағайындау кезінде ата-анасы (заңды өкілдер) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш беруге құқылы. Заңды өкілдер баланы асырап алғандығы және қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгендігі жөнінде тиісті органдар шешімдерінің көшірмелерін ұсынады.
22. Әлеуметтік көмек орташа жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын емтихан сессиясының нәтижелері бойынша "өте жақсы" деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарында күндізгі бөлімінде оқитын көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге тағайындалады және жүгінген айдың бірінші күнінен бастап ай сайын семестр бітетін айдың соңына дейін 10 (он) мың теңге мөлшерінде төленеді.
23. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында (бұдан әрі – Алматы қаласының ЖИТС орталығы) диспансерлік есепте тұрған, АИТВ инфекциясы бар балаларға әлеуметтік көмек отбасының табысын есепке алмағанда жыл сайын Республикалық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) есе мөлшерінде ай сайынғы төлеммен тағайындалады.
Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған балалар үшін ата-аналары (заңды өкілдері) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш беруге құқылы. Заңды өкілдері тиісті органның бала (қыз) асырап алу немесе балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірмені қоса береді.
7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі
24. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына:
1) табиғи апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын адамдар;
3) мәртебеcі Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 4-бабымен белгіленген Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
4) мәретбесі Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 6-бабымен белгіленген жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
5) мәртебеcі Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 5-бабында айқындалған басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
6) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;
7) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;
8) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар;
9) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;
10) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);
11) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектігі бар адам;
12) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
13) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтар (отбасылар);
14) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасылар;
15) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған көпбалалы отбасылар;
16) Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын көпбалалы отбасылардан шыққан студенттер;
17) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі барлар;
18) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін отбасылар;
19) құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектігі бар отбасылар;
20) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтар;
21) Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ-инфекциясы бар балалар;
22) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған балалардың ата-аналары (заңды өкілі);
23) Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;
24) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жастағы басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
25) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
26) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар;
27) Ленинград қаласында қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар;
28) Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 7-бабында мәртебесі анықталған еңбек ардагерлері;
29) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар (жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерді қоспағанда).
8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
24. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
25. Осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін қалыптастыру тәртібі "Отбасы банк" акционерлік қоғамы мен Алматы қаласының әкімдігі арасындағы келісіммен айқындалады.
26. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;
жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;
4) осы Қағиданың 21-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген тұлғалар транскрипті "өте жақсы" деген бағаға сәйкес бағалар баламасын ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
27. Осы Қағиданың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
28. Осы Қағиданың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
29. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
30. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
31. Қажетті құжаттардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің оларды ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді қамтитын деректері негізінде қабылдайды.
32. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган учаскелік комиссиядан құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
33. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарады, қорытынды оң болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
34. Өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағиданың 30 және 31-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе аудандық әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
35. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
36. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқанда, жалтарғанда;
3) әлеуметтік көмек көрсету үшін Алматы қаласы мәслихаты белгілеген жан басына шаққандағы адамның (отбасының) орташа табысының мөлшерінен асып кеткенде;
4) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болғанда;
5) Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмаған жағдайларында жүзеге асырылады.
37. Әлеуметтік көмек алушылар әлеуметтік көмектің мөлшерін немесе оны алу құқығын өзгерту үшін негіз болып табылатын мән-жайлар туындаған жағдайда 10 (он) жұмыс күні ішінде олардың тұрақты тұрғылықты тіркелген жері бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды.
38. Егер алушы қайтыс болған жағдайда әлеуметтік көмек төлеу азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан (АХАТ) алынған алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер және (немесе) тізімдер негізінде тоқтатылады.
39. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ай сайын 29-на дейін Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына АИТВ-инфекциясын жұқтырған балалардың тізімін, амбулаториялық емдеу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімін, "Каменское Плато" туберкулезге қарсы санаторийіне стационарлық емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыртын адамдардың тізімін және және 7 күннен астам уақыт емделуден қол үзіп қалған туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімін ұсынады.
40. Әлеуметтік көмекті көрсетуге шығыстарды қаржыландыру Алматы қаласының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Санаторий-курорттық емдеу бойынша әлеуметтік көмек
41. Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек) заттай нысанда (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес анықталған санаторий-курорттық мекемелерге жолдама) немесе ақшалай түрде (Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделу үшін кеткен шығынды тиісті қаржы жылына бюджеттік есепті жасау барысында бекітілген жолдаманың құны мөлшерінде өтеу) мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 4-бабына сәйкес мәртебесі белгіленген Ұлы Отан соғысының ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, тегін;
2) мәртебесі Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 7-бабымен белгіленген еңбек ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
3) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
4) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі барға теңестiрiлген адамның қайта некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың қайта некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы) – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарындың кәмелетке толмаған тұтқындарына – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
6) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
7) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған басқа мемлекеттердiң аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
8) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толмаған басқа мемлекеттердiң аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлері үшін – жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтынын ескере отырып, санаторий-курорттық емделуге берілетін жолдама құнының 25% мөлшерінде төлей отырып, бірақ екі жылда бір реттен артық емес;
9) Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, ақталған, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмағандарға – санаторий-курорттық емделуге берілетін жолдама құнының 25% мөлшерінде төлей отырып, жан басына шаққандағы орташа табысы үш еселенген күнкөріс деңгейінен аспайтын шаманы ескере отырып, бірақ екі жылда бір реттен артық емес;
10) жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге – ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алына отырып, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
11) осы Қағиданың 24-тармағының 29) тармақшасында көрсетілген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін адамдарға олардың санаторий – курорттық емделуді ұсынатын ұйымда болған кезеңінде, бірақ бір ілесіп жүретін адамнан аспайтын мерзімге-емдеу рәсімдерін қоспағанда, тұру және тамақтану үшін ақы төленетін жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емделгені үшін шығындарды өтеу.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға санаторий-курорттық емделу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес ұсынылады.
42. Заттай нысандағы санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 068/у нысанындағы санаторий-курорттық емделуге жолдама алу үшін анықтама, осы Қағиданың 41-тармағының 11-тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда;
3) осы Қағиданың 41-тармағының 1), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 9-бабымен көрсетілген құжатты;
4) осы Қағиданың 41-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген адамдар, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" Заңына сәйкес оңалту туралы куәлік;
5) осы Қағиданың 41-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 10) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы мөлшері туралы құжаты;
6) осы Қағиданың 41-тармағының 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген адамдардың (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
7) осы Қағиданың 41-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген адамдар: мүгедектігі бар адамның әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға берген санаторий-курорттық ұйымның жолдамасының көшірмесі, төлемді растайтын құжат, санаторий-курорттық ұйымның орындалған жұмыстарының актісі.
Осы Қағиданың 41-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін жыл сайын санаторий-курорттық емделуге 180 жолдама беріледі, осы Қағиданың 41-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін жыл сайын санаторий-курорттық емделуге 120 жолдама беріледі.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтінішті қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның маманы, құжаттар пакетінің толықтығын тексереді.
Осы Қағиданың 41-тармағының 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде оларды қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды учаскелік комиссияға жібереді.
Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша материалдық жағдай туралы акт жасайды, осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша адамның санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш қабылдаған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға құжаттарды ресімдеу туралы не ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға құжаттарды ресімдеу, не еркін нысанда дәлелді бас тарту туралы хабарламаны жолдайды.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылданған құжаттар негізінде келіп кіру кестесіне сәйкес осы Қағиданың 4-қосымшасындағы нысан бойынша өтініш берушілерге жолдама беру журналына (бұдан әрі – Журнал) қол қойдырып, әрі қарай өтініш берушіге жолдаманы береді.
Санаторий-курорттық жолдаманы белгілі бір себептермен (өлім, ауру және уәкілетті орган дәлелді деп таныған басқа да себептер) пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, ол әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға қайтарылуға және кезектілік тәртібімен басқа адамға берілуге тиіс.
Қайтарылған санаторий-курорттық жолдамалар Журналда тіркеледі.
Санаторий-курорттық жолдаманы дәлелді себептермен пайдаланбаған кезде берілген санаторий-курорттық жолдама мүмкіндігінше айырбастауға жататын санаторий-курорттық жолдамада көрсетілген кіру басталғанға дейін үш күннен кешіктірмей кіру кестесіне сәйкес басқа кезеңдегі санаторий-курорттық жолдамаға ауыстырылады.
43. Санаторий – курорттық емделуге ақшалай түрде әлеуметтік көмек алу үшін (осы Қағиданың 41-тармағының 8), 9) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда) өтініш беруші 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде, бірақ 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей, санаторий - курорттық емдеу бойынша қызметтер көрсететін ұйымға (бұдан әрі - ұйым) осы Қағиданың 42-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға өтініш береді.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтінішті қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органының маманы құжаттар пакетінің толық болуын тексереді.
Осы Қағиданың 41-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде оларды қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды учаскелік комиссияға береді.
Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша материалдық жағдай туралы акт жасайды, осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға береді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган санаторий - курорттық емделуге кеткен шығындарды өтеуге арналған құжаттарды ресімдеу немесе ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және өтінішті қабылдаған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге Учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде санаторий-курорттық емделуге кеткен шығындарды өтеуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы немесе бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып, еркін нысанда хабарландыру жібереді.
Өтініш беруші мекемеде санаторий-курорттық емделу қызметін алғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға шот-фактура, фискалды түбіртек, атқарылған жұмыстардың актісін және банк шотын ұсынады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде санаторий-курорттық емделу үшін ақшалай түрдегі әлеуметтік көмекті есептейді.
Егер өтініш беруші санаторий-курорттық емдеуді пайдаланбаған немесе оның ұйымға келу күні неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылған жағдайда, ол әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган санаторий-курорттық емдеуді пайдаланбаған өтініш берушіні есептен шығарады.
Өтініш берушінің мекемеге кіру күні кейінгі, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ауыстырылған жағдайда санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек санаторий-курорттық емдеуді алу фактісі бойынша төленеді.
Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек жергілікті бюджетте аталған мақсаттарға тиісті қаржы жылында қарастырылған қаржы шегінде беріледі.
Өтініш беруші санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау туралы жеке өтініш жасай алмайтын жағдайда, белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішпен баруға басқа адамдарға өкілеттік беруге құқылы.
44. Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;
3) санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) жергілікті өкілді органдар белгілеген жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшерінен асып кетуі.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініштерді келіп түсуіне қарай тіркеледі.
Алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда санаторий-курорттық емделуге төленген әлеуметтік көмек сомасы ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуы тиіс.
Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде 12 (он екі) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге бір реттен артық көрсетілмейді.
10. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
45. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Алматы қаласынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
5) туберкулезбен ауыратын науқастарды "Каменское Плато" туберкулезге қарсы шипажайына стационарлық емдеуге жолдағанда немесе Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының тізіміне сәйкес емін 7 күннен аса дәлелсіз себептер бойынша үзген кезде тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
46. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуы тиіс.
47. Егер осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмек төленген сәттен бастап үш ай аралығында тұрғын үй алуға қолданылмаған жағдайда, ол Алматы қаласының бюджетіне қайтарылуы тиіс.
48. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Өтініш
Азамат______________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: ______ жылғы "___" ___________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: _____________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат түрі: __________________________________
Құжаттың сериясы: _____ құжаттың нөмірі:________ кім берген: _____________
Берілген күні ____________ жылғы "__" ________________
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы ____________________________________
қаласы (ауданы) ______________________________________________________
көшесі (шағын ауданы) _________________________ үй ______ пәтер_________
Банк деректемелері:___________________________________________________
Банктің атауы ________________________________________________________
Банк шотының № _____________________________________________________
Телефон _____________________________________________________________
Маған __________________________ әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
№ | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтардың саны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардармын.
20____ жылғы "____" ___________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы
Құжаттарды қабылдаған:
____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
20____ жылғы "____" ____________
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша |
Адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ 20 жылғы "_______" ____________________________________________________________________ (елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
2. Тұратын мекенжайы ________________________________________________
3. Өтініш берушінің әлеуметтік көмекке өтініш беруінің себептері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:
№ р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Еңбекке жарамды барлығы __________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Тұрып жатқан жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):
____________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығыстар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасының табысы:
№ р/с | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. Мыналардың бар-жоғы:
автокөлігі (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйі (оны пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс)
____________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге табысы (нысаны, сомасы, көзі):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:
____________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
______________________ ______________________________________
Комиссия мүшелері:
______________________ ______________________________________
______________________ ______________________________________
______________________ ______________________________________
______________________ ______________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жасалған актімен таныстым: __________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
____________________________________________________________________
Тексеру жүргізілуден бас тартамын______________________________________
Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Күні ___________
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 3-қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген тұлға (отбасы)
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде тұлғаға (отбасыға) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті ұсынудың
____________________________________________________________________
(қажеттігі, қажетінің жоқтығы) туралы қорытынды шығарады.
Комиссия төрағасы:
______________________ ______________________________________
Комиссия мүшелері:
______________________ ______________________________________
______________________ ______________________________________
______________________ ______________________________________
______________________ ______________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________ қабылданды.
_______________________________ құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы,
қолы_________________________________
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 4-қосымша |
Журналдың үлгісі
№ | Т.А.Ә Туылған жылы | Мекенжайы |
Жолдаманың | Санаты | Ауданы | Сома | Қолы | Ескерту |
Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешіміне 2-қосымша |
Алматы қаласы мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1) "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1194 болып тіркелген);
2) "Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 420 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1271 болып тіркелген);
3) "V сайланған Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XLI сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 69 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1336 болып тіркелген);
4) "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 224 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1470 болып тіркелген);
5) "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 258 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1501 болып тіркелген);
6) "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 322 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1531 болып тіркелген);
7) "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 338 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1552 болып тіркелген);
8) "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 356 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1560 болып тіркелген);
9) "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 405 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1600 болып тіркелген);
10) "Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Алматы қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 463 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1623 болып тіркелген);
11) "Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 29 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1700 болып тіркелген);
12) "Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 125 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27847 болып тіркелген).