Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 08.12.2023 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1004 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 қазанда "Алматы ақшамы" №127 және "Вечерний Алматы" №131 газеттерінде жарияланған);
2) "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 186 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1014 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсанда "Алматы ақшамы" №152 және "Вечерний Алматы" №154 газеттерінде жарияланған);
3) "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІV сессиясының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 205 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1023 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 наурызда "Алматы ақшамы" №29 және "Вечерний Алматы" №30 газеттерінде жарияланған);
4) "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІІ сессиясының 2014 жылғы 13 маусымдағы № 238 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1062 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда "Алматы ақшамы" №79 және "Вечерний Алматы" №77 газеттерінде жарияланған);
5) "Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХXІ сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 267 шешімінің 1 тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1087 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қазанда "Алматы ақшамы" №125 және "Вечерний Алматы" №126 газеттерінде жарияланған).
3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған Алматы қаласы | |
мәслихатының XLI сессиясының төрайымы | А. Мұсабаева |
V сайланған Алматы қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Қазанбаев |
Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне қосымша |
Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 17.04.2018 № 224 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай немесе заттай нысанда көрсетіледі.
3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау үшін Алматы қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі - Алматы қаласы статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелер күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган - "Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) аудандық бөлімдер - уәкілетті органның аудандық бөлімдері;
10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Алматы қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
12) көп балалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;
13) транскрипт - кредиттер мен бағаларды көрсететін тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер тізбесі мен (немесе) модульдерден және оқу жұмысының басқа түрлерінен құралған құжат;
14) Алматы қаласы ЖИТС орталығы – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жәніндегі орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
15) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 18.03.2019 № 322 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 23.04.2019 № 338 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 23.06.2020 № 463 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Алматы қаласының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 (бір) рет) көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек өтінішті беру сәтінде өткен тоқсан үшін ұсынылған табыстар туралы мәліметтер негізінде өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
Жиынтық табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылдың 28 тамызында № 5757 болып тіркелген) бекітілген, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес есептелінеді.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Алматы қаласының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
8. Әлеуметтік көмек алушылары ұсынған мәліметтерінің растығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
9. Заттай нысандағы әлеуметтік көмек қызмет көрсету жолымен беріледі, ал оның өнім берушісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган арқылы анықталады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және
әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызуға мыналар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;
3) әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;
4) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жан басына шаққандағы орташа табыстың Алматы қаласының мәслихаты белгілеген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспауы.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде Алматы қаласы мәслихатымен бекітілген азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Алматы қаласы әкімінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің
тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне:
1) мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 миллион теңге;
2) мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6-баптарымен белгіленген, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 100 мың теңге;
3) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 100 мың теңге;
4) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 100 мың теңге;
5) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы) – 50 мың теңге;
6) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар – 50 мың теңге;
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бірнеше санаттарға жататын әрбір адамға атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша ғана аударылады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні: Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар – 150 мың теңге.
Ескерту. 12-тармаққа жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 25.04.2022 № 125 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.12-1. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек біржолғы ақшалай төлем түрінде осы Қағидалардың 21-тармағының 14) тармақшасында көрсетілген азаматтарға тұрғын үй алу үшін 1 (бір) миллион теңге мөлшерінде көрсетіледі:
1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
3) 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;
4) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
5) 6 шілде – Астана күні;
6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
7) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
"Әлеуметтік көмек алушының "Отбасы банк" акционерлік қоғамында ашылған банк шотына аударылады.
Ескерту. 3-бөлім 12-1-тармақпен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 23.04.2019 № 338 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 30.04.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.4. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің мөлшерлері
4.1 Азаматқа (отбасына) табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан мүлікке залал келуіне байланысты әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері жәнебір реттік әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
13. Өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек келесі мөлшерлерде көрсетіледі:
баспанасынан айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде баспана иесінің отбасына 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін;
төтенше жағдай және өрт салдарынан қазалы жағдай орын алғанда қайтыс болған отбасының әр мүшесіне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш.
Әлеуметтік көмек төтенше жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
4.2 Біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің шекті мөлшері
14. Жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет әлеуметтік көмек 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 18.03.2019 № 322 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.15. Ыстық және (немесе) суық сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 3,4 (үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
3) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
4) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге.
Әлеуметтік көмектің аталған түрі ыстық және (немесе) суық сумен және (немесе) газбен және (немесе) газ құбырымен жабдықтау құралдарын орнатқан немесе тексеруден өткізген күннен бастап алты айдан кешіктірмей көрсетіледі.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 14.09.2018 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 322 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.16. Жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан тұрғын үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 100 % шығыны мөлшерінде, бірақ үш нүктеден көп емес:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
3) құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері бар отбасыларына;
4) мүгедек балаларды тәрбилейтін отбасыларына;
5) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге көрсетіледі.
Аталған газ құбырын жалпы басынан үйге дейін орнату және жүргізу шығындарын өтеу біржолғы болып есептеледі және алған өтініш иесіне, отбасы мүшелеріне және онымен бірге тұрақты тұратын адамдарға қайта көрсетілмейді.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 14.09.2018 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.17. Әлеуметтік көмектің аталған түрлері тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған қаражат шегінде көрсетіледі.
4.3 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мерзімді әлеуметтік
көмек көрсетудің шекті мөлшерлері
18. Әлеуметтік көмек азаматтың (отбасы) табысы есепке алынбай ай сайын 6,5 (алты жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын құжаттарын қайта тапсыру талап етілмей (өмірлік) келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) мәртебеcі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;
3) Aуғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына).
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 30.04.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.19. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 (үш) есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
1) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11 бабының 1 -тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;
2) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектерге.
Ескерту. 19-тармаққа жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 25.04.2022 № 125 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;
3) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектерге;
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға көрсетіледі.
20. Әлеуметтік көмек емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға табысы есепке алынбай, жыл сайын тағайындалып, ай сайын 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Егер емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған балаларға тағайындау кезінде ата-анасы (заңды өкілдер) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш беруге құқылы. Заңды өкілдер баланы асырап алғандығы және қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгендігі жөнінде тиісті органдар шешімдерінің көшірмелерін ұсынады.
20-1. Әлеуметтік көмек орташа жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын емтихан сессиясының нәтижелері бойынша "өте жақсы" деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарында күндізгі бөлімінде оқитын көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге тағайындалады және жүгінген айдың бірінші күнінен бастап ай сайын семестр бітетін айдың соңына дейін 10 (он) мың теңге мөлшерінде төленеді.
Ескерту. 4-бөлімнің 4.3 бөлімшесі 20-1-тармақпен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 23.04.2019 № 338 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.20-2. Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған, АИТВ инфекциясы бар балаларға әлеуметтік көмек отбасының табысын есепке алмағанда жыл сайын Республикалық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) есе мөлшерінде ай сайынғы тәлеммен тағайындалады.
Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған балалар үшін ата-аналары (заңды өкілдері) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш беруге құқылы. Заңды өкілдері тиісті органның бала (қыз) асырап алу немесе балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірмені қоса береді.
Ескерту. 4-бөлімше 20-2-тармақпен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 23.06.2020 № 463 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4.4 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі
21. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына:
1) табиғи апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын адамдар;
3) мәртебеcі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
4) мәртебеcі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 5, 6-баптарымен белгіленген, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;
6) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына);
7) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар;
8) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңы 11 бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлер;
9) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);
10) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектер;
11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын аз қамтылған азаматтар (отбасылар);
13) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;
14) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған көп балалы отбасылар;
15) Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын көп балалы отбасылардан шыққан студенттер;
16) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;
17) мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасылар;
18) құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері бар отбасылар;
19) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтар;
20) Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ-инфекциясын жұқтырған балалар;
21) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған балалардың ата-аналары (заңды өкілі);
22) мүгедек балалар және мынадай медициналық көрсетілімдерді ескере отырып (жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерді қоспағанда), жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер:
- толық соқырлық;
- түзетумен екі көзінің де 0,03-ке дейін көру жітілігі;
- елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлық мишықтың бұзылуы;
- елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
- паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық-регидтік түрі);
- елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;
- гемиплегия, триплегия, параплегия;
- елеулі немесе айқын түрде білінетін қанайналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (III кезеңдегі қанайналым жеткіліксіздігі, IV функционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және III кезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған III дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі);
- елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (ІІІ-ІV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);
- буын функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы;
- қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;
- қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;
- екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;
- протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;
- жүріп-тұрудың III дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар;
- қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-IV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;
- қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса, жамбастың және тізе буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 30.04.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 25.04.2022 № 125 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.22. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Алматы қаласы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
22-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмек алушылар тізімдерін қалыптастыру тәртібі "Отбасы банк" акционерлік қоғамы мен Алматы қаласының әкімдігі арасындағы келісіммен айқындалады.
Ескерту. 5-бөлім 22-1-тармақпен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 23.04.2019 № 338 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 30.04.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.23. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан тіркелген тұрғылықты жері бойынша аудандық бөлімге өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты;
4) осы Қағиданың 21-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген тұлғалар транскрипті "өте жақсы" деген бағаға сәйкес бағалар баламасын ұсынады.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 30.04.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.24. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші әлеуметтік көмек тағайындау туралы жеке өтініш жасай алмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішпен баруға басқа адамдарға өкілеттік беруге құқылы.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 30.04.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.25. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде аудандық бөлім бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
26. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды аудандық бөлімге жібереді.
27. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда аудандық бөлім әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
28. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда аудандық бөлім тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
29. Аудандық бөлім учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
30. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеген және өзгерткен кезде тиындармен есептелген сомалар бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
31. Аудандық бөлім өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағиданың 27 және 28 тармақшаларында көрсетілген жағдайларда аудандық бөлім өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
32. Аудандық бөлім шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
33. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін Алматы қаласы мәслихаты белгілеген шектен артқан жағдайда;
4) толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.
34. Әлеуметтік көмек алушылары мән-жайлар басталғаннан кейін 10 күн ішінде алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы тіркелген тұрақты жері бойынша аудандық бөлімге хабарлайды.
35. Егер алушы қайтыс болған жағдайда әлеуметтік көмек төлемі азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімдерінен алынған қайтыс болғандығы жөніндегі мәліметтер негізінде тоқтатылады.
36. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы ай сайын 29-на дейін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына АИТВ-инфекциясын жұқтырған балалардың тізімін, амбулаториялық емдеу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімін, "Каменское Плато" туберкулезге қарсы санаторийіне стационарлық емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыртын адамдардың тізімін және және 7 күннен астам уақыт емделуден қол үзіп қалған туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімін ұсынады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редақцияда - Алматы қаласы мәслихатының 23.06.2020 № 463 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.37. Әлеуметтік көмекті көрсетуге шығыстарды қаржыландыру Алматы қаласының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
38. Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек) заттай нысанда (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес анықталған санаторий-курорттық мекемелерге жолдама) немесе ақшалай түрде (Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделу үшін кеткен шығынды тиісті қаржы жылына бюджеттік есепті жасау барысында бекітілген жолдаманың құны мөлшерінде өтеу) мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, тегін;
2) мәртебесі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 7-бабымен мәртебесі белгіленген еңбек ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;
3) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;
4) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның қайта некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың қайта некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы) – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;
5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарындың кәмелетке толмаған тұтқындарына – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;
6) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;
7) зейнет жасына толған басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;
8) жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге – ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алына отырып, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерін төлей отырып";
9) осы Қағиданың 21-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген мүгедек балаларды және бірінші топтағы мүгедектерді санаторий-курорттық емдеуді ұсынатын ұйымда болған кезінде алып жүретін адамдарға, бірақ алып жүретін бір адамнан артық емес – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, Қазақстан Республикасының ішінде санаторий-курорттық емдеудің шығындарын өтеу түрінде емдеу рәсімдерін ескермей тамақтануын және тұруын төлей отырып.
Бірінші топтағы мүгедек адамдарына және мүгедек балаларына санаторий-курорттық емделу "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 30.04.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 25.04.2022 № 125 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.39. Заттай нысандағы санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші аудандық бөлімге өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 068/у нысанындағы санаторий-курорттық емделуге жолдама алу үшін анықтама, осы Қағиданың 38-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда;
3) осы Қағиданың 38-тармағының 1), 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 9-бабымен көрсетілген құжатты;
4) осы Қағиданың 38-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар, зейнетақы мөлшері туралы құжат;
5) осы Қағиданың 38-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар, адамның (отбасы мүшелері) табысы туралы мәліметтер;
6) осы Қағиданың 38-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген адамдар: ата-анасы – туу туралы куәлік, заңды өкілдері – қорғаншылықты белгілейтін құжат, үшінші бір адам – ата-анасынан (ата-аналарынан) немесе заңды өкілінен алып жүруіне нотариатта куәландырылған сенімхат және уәкілетті органмен берілген балаға мекемеге жолдама көшірмесін ұсынады.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтінішті қабылдаған аудандық бөлім маманы құжаттар пакетінің толықтығын тексереді.
Құжаттар пакеті толық болған жағдайда аудандық бөлім құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияға жібереді.
Учаскелік комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
осы Қағиданың 38-тармағының 1), 2) 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны аудандық бөлімге жібереді;
осы Қағиданың 38-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін тексеру жүргізеді, оның қорытындысы бойынша материалдық жағдайы туралы акті жасап, осы Қағиданың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны аудандық бөлімге жібереді.
Аудандық бөлім санаторий-курорттық емделуді көрсетуге құжаттарды ресімдеу немесе ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және өтінішті қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде өтініш берушіге санаторий-курорттық емделуді көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны немесе Учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде дәлелді бас тарту шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде еркін нысанда жолдайды.
Аудандық бөлім санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берген адамдардың тізімін жасайды және құжаттарды уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган аудандық бөлімдерден қабылданған құжаттар негізінде келіп кіру кестесіне сәйкес осы Қағидалардың 4-қосымшасындағы нысан бойынша өтініш берушілерге жолдама беру журналына (бұдан әрі – Журнал) қол қойдырып, әрі қарай өтініш берушіге жолдаманы беру үшін жолдаманы аудандық бөлімге береді.
Санаторий-курорттық жолдаманы белгілі бір себептер (қайтыс болу, дертке шалдығу және уәкілетті орган орынды деп таныған басқа да себептер) бойынша пайдаланбаған жағдайда ол уәкілетті органға қайтарылуы және кезек тәртібіне сәйкес басқа адамға берілуі тиіс.
Қайтарылған санаторий-курорттық жолдамалар Журналда тіркеледі.
Санаторий-курорттық жолдаманы орынды себептер бойынша пайдаланбаған кезде берілген санаторий-курорттық жолдама мүмкіндігінше кіру кестесіне сәйкес басқа мерзімдегі санаторий-курорттық жолдамаға алмастырылады, бірақ алмастыруға жататын санаторий-курорттық жолдамада көрсетілген кіру уақытына дейін үш күннен кешіктірілмейді.";
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 30.04.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.40. Ақшалай түрде санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші 60 күнтізбелік күн ішінде, бірақ санаторий-курорттық емделу бойынша қызмет көрсететін мекемеге (бұдан әрі - мекеме) кіру күніне дейінгі 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей аудандық бөлімге өтінішке қоса осы Қағиданың 41 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтінішті қабылдаған аудандық бөлімнің маманы құжаттар пакетінің толық болуын тексереді.
Құжаттар пакеті толық болған жағдайда аудандық бөлім құжаттарды қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияға жібереді.
Учаскелік комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
осы Қағиданың 38-тармағының 1), 2) 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны аудандық бөлімге жібереді;
осы Қағиданың 38-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін тексеру жүргізеді, оның қорытындысы бойынша материалдық жағдайы туралы акті жасап, осы Қағиданың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша адамның (отбасының) санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны аудандық бөлімге жібереді.
Аудандық бөлім санаторий-курорттық емделуге кеткен шығындарды өтеуге арналған құжаттарды ресімдеу немесе ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және өтінішті қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде өтініш берушіге Учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде санаторий-курорттық емделуге кеткен шығындарды өтеуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы немесе бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып, еркін нысанда хабарландыру жібереді.
Өтініш беруші мекемеде санаторий-курорттық емделу қызметін алғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде аудандық бөлімге шот-фактура, фискалды түбіртек, атқарылған жұмыстардың актісін және банк шотын ұсынады.
Аудандық бөлім өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде 30 күнтізбелік күн ішінде санаторий-курорттық емделу үшін ақшалай түрдегі әлеуметтік көмекті есептейді.
Егер өтініш беруші санаторий-курорттық емделуді пайдаланбаса немесе мекемеге кіру күні кейінгі мерзімге ауыстырылса, ол аудандық бөлімді жазбаша хабарлайды.
Аудандық бөлім санаторий-курорттық емделуді пайдаланбаған өтініш берушіні тіркеуден алып тастайды.
Өтініш берушінің мекемеге кіру күні кейінгі, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ауыстырылған жағдайда санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек санаторий-курорттық емдеуді алу фактісі бойынша төленеді.
Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек жергілікті бюджетте аталған мақсаттарға тиісті қаржы жылында қарастырылған қаржы шегінде беріледі.
Өтініш беруші санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау туралы жеке өтініш жасай алмайтын жағдайда, белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішпен баруға басқа адамдарға өкілеттік беруге құқылы.
Ескерту. 40-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 14.09.2018 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.41. Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органмен белгіленген шектен асқан жағдайларда жүзеге асырылады.
Аудандық бөлім өтініштерді келіп түсуіне қарай тіркейді.
Алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда санаторий-курорттық емделуге төленген әлеуметтік көмек сомасы ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуы тиіс.
Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде он екі күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге бір реттен артық көрсетілмейді.
6. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
42. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Алматы қаласынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
5) туберкулезбен ауыратын науқастарды "Каменское Плато" туберкулезге қарсы шипажайына стационарлық емдеуге немесе Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының тізіміне сәйкес емін 7 күннен аса дәлелсіз себептер бойынша үзген кезде тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу осы Қағиданың 42 тармағының 1) тармақшасындағы жағдаяттар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады, осы Қағиданың 42 тармағының 2), 3), 5) тармақшаларындағы жағдаяттар туындаған сәттен бастап тоқтатылады, осы Қағиданың 42 тармағының 4) тармақшасындағы жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Ескерту. 42-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 18.03.2019 № 322 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.43. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуы тиіс.
43-1. Егер осы Қағидалардың 12-1 тармағында көрсетілген әлеуметтің көмек төленген сәттен бастап үш ай аралығында тұрғын үй алу қолданылмаған жағдайда, ол Алматы қаласының бюджетіне қайтарылу тиіс.
Ескерту. 6-бөлім 43-1-тармақпен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 23.04.2019 № 338 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8. Қорытынды ереже
44. Әлеуметтік көмекті көрсету мониторингі мен есепке алуды "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып, уәкілетті орган жүргізеді.
Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 1 қосымша |
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – Алматы қаласы мәслихатының 30.04.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 2 қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 30.04.2021 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
20 ____ жылғы "____" ________________
_______________________________________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________
_____________________________________________________________________________
2. Тұратын мекенжайы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________________
3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________.
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:
Р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірдегі қиын жағдай |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет) _______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________.
5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________.
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ___________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________.
Отбасының табысы:
Р/с | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________________________________
_____________________________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _______________________________________
_____________________________________________________________________________.
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): _______________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________.
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): ______________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________.
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:
_____________________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы: _______________
_____________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ______________________________________________________
______________________________________________________________________________
Комиссия мүшелері: ______________________________________________________
______________________________________________________________________________
__________________________ ___________________________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)
Жасалған актімен таныстым: _______________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
______________________________________________________________________________
Тексеру жүргізілуден бас тартқан ___________________________________________
Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Күні __________________
______________________
Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 3 қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес
өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген
адамның (отбасының) __________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш
берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
______________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну
туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ ______________________________
Комиссия мүшелері: _________________ _____________________________________
___________________________________ _______________________________________
___________________________________ _______________________________________
___________________________________ _______________________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен ______ данада
20__ ж. "___" __________________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті
орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы _______________
Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 4 қосымша |
Журналдың үлгісі
№ | Т.А.Ә Туылған жылы | Мекенжайы | Жолдаманың № | Санаты | Ауданы | Сома | Қолы | Ескерту |