Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 13.12.2018 № 27/4 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлық ақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер облыстық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.
2. "Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес пайызға жоғары жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" V шақырылған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың XVI сессиясының 2013 жылғы 2 шілдедегі № 16/13 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 24 шілдеде № 2335 тіркелген, "Солтүстік Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 27 шілдеде, "Северный Казахстан" газетінде 2013 жылғы 27 шілдеде жарияланған).
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың XXXХІІ сессиясының төрағасы |
В.Мантариди |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
Қ. Едіресов |