"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғары жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының XVІ сессиясының төрағасы |
Е. Коноплева |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
Қ. Едіресов |