Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 5103 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 2/2 шешімімен

      Ескерту. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 17.02.2021 № 2/2 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 117-1-бабына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы салаларындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар облыстық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.

      2. "Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 42/2 сессиясының шешімі күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3704 болып тіркелді, 2016 жылғы 21 сәуірде "Солтүстік Қазақстан", "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланды).

      3. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталон бақылау банкiне қосу үшін Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы жолдауды;

      3) осы шешімді ресми жарияланған соң оны Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім ресми жариялауға жатады және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
В. Мантариди
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады