Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 20.06.2016 N 3/6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
"Концессия туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2015-2017 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізімін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың V шақырылымы ХХХІХ сессиясының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 39/3
шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 қарашада № 3452 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қарашадағы "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2015 жылғы 17 қарашадағы "Северный Казахстан" газетінде" жарияланған).
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан |
А.Рафальский |
Солтүстік Қазақстан облыстық |
В.Бубенко |
Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/4 шешіміне қосымша |
Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңге (2016-2018 жылдарға) концессияға ұсынылған объектілер тізбесі
№ р/с |
Атауы |
1. Реконструкциялауы және пайдалануға беруі концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік меншіктің қолда бар объектілері |
|
2. Концессия шарты негізінде құру және пайдалануға беру жүзеге асырылатын объектілер |
|
1) |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Береке" шағын ауданында Московский өтпежолы бойында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру |
2) |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Орман" шағын ауданында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру |
3) |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Юбилейная көшесі бойында 90 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру |
4) |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қаланы жарықтандыру желісін реконструкциялау және пайдалануға беру |