Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 шілдеде № 3834 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 7/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 24.11.2016 № 7/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Концессия туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың VІ шақырылымы ІІ сессиясының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/4 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3758 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 мамырдағы "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2016 жылғы 27 мамырдағы "Северный Казахстан" газетінде" жарияланған).
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың ІІІ сессиясының
төрағасы
А.Асанова
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
В.Бубенко

  Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/6 шешіміне қосымша

Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңге (2016-2018 жылдарға) концессияға ұсынылған объектілер тізбесі

№ р/с
Атауы
1. Реконструкциялауы және пайдалануға беруі концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік меншіктің қолда бар объектілері
2. Концессия шарты негізінде құру және пайдалануға беру жүзеге асырылатын объектілер
1)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Береке" шағын ауданында Московский өтпежолы бойында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
2)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Орман" шағын ауданында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
3)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Юбилейная көшесі бойында 90 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
4)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қаланы жарықтандыру желісін реконструкциялау және пайдалануға беру
5)
Солтүстік Қазақстан облысының халқына амбулаторлық және стационарлық көмек көрсету үшін офтальмологиялық диагностика орталығын салу және пайдалануға беру

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады