Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі N 2/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 мамырда N 3758 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы N 3/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 20.06.2016 N 3/6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Концессия туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2015-2017 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізімін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың V шақырылымы ХХХІХ сессиясының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 39/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 қарашада № 3452 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қарашадағы "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2015 жылғы 17 қарашадағы "Северный Казахстан" газетінде" жарияланған).
      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
ІІ сессиясының төрағасы

А.Рафальский

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы

В.Бубенко

   


Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/4 шешіміне қосымша

Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңге (2016-2018 жылдарға) концессияға ұсынылған объектілер тізбесі

№ р/с
 

Атауы
 

1. Реконструкциялауы және пайдалануға беруі концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік меншіктің қолда бар объектілері
 

2. Концессия шарты негізінде құру және пайдалануға беру жүзеге асырылатын объектілер
 

1)
 

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Береке" шағын ауданында Московский өтпежолы бойында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
 

2)
 

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Орман" шағын ауданында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
 

3)
 

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Юбилейная көшесі бойында 90 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
 

4)
 

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қаланы жарықтандыру желісін реконструкциялау және пайдалануға беру
 

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады