1. Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдарға) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша іске асырылуы жоспарланып отырған (2016-2018 жылдарға) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. "Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/6 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2016 жылғы 21 маусымда № 3834 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдедегі "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2016 жылғы 28 шілдедегі "Северный Казахстан" газетінде жарияланған).
4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың VІІ сессиясының төрағасы |
Ғ. Бөстекова |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы № 7/3 шешіміне 1 қосымша |
Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңдегі (2016-2018 жылдарға)
концессияға ұсынылған объектілер тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 14.11.2017 № 16/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы № 7/3 шешіміне 2 қосымша |