Концессияға ұсынылатын объектілер және іске асырылуы (2016-2018 жылдарға) жобаланып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбелерін бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы N 7/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 желтоқсанда N 3947 болып тіркелді.

      "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы 24) тармақшасына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдарға) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша іске асырылуы жоспарланып отырған (2016-2018 жылдарға) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. "Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/6 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2016 жылғы 21 маусымда № 3834 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдедегі "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2016 жылғы 28 шілдедегі "Северный Казахстан" газетінде жарияланған).
      4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың VІІ сессиясының
төрағасы
Ғ. Бөстекова
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы № 7/3 шешіміне 1 қосымша

Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңдегі (2016-2018 жылдарға)

концессияға ұсынылған объектілер тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 14.11.2017 № 16/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с
Атауы
1. Реконструкциялауы және пайдалануға беруі концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік меншіктің қолда бар объектілері
2. Концессия шарты негізінде құру және пайдалануға беру жүзеге асырылатын объектілер
1)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Орман" шағын ауданында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
2)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Жалел Қизатов атындағы көшесі бойында 90 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
3)
Солтүстік Қазақстан облысының халқына амбулаторлық және стационарлық көмек көрсету үшін офтальмологиялық диагностика орталығын салу және пайдалануға беру

     

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы № 7/3 шешіміне 2 қосымша

Коммуналдық меншікке жататын, іске асырылуы (2016-2018 жылдарға) ұсынылған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесі

№ р/с
Атауы
1.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Жамбыл – Труда – Горького – Таштитов көшелерінің шекараларында "Жас Өркен" шағын ауданында әмбебап теннис орталығын салу және пайдалануға беру

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады