Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 13.12.2018 № 27/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 04.06.2018 № 21/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттар қосымшаға сәйкес, қосымша берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 04.06.2018 № 21/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың VIII сессиясының төрағасы |
В. Притчин |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін қосымша берілетін дәрілік заттар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 04.06.2018 № 21/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Дәрілік заттардың атауы | Аурулардың халықаралық жіктемесі 10 – қайта қарау бойынша аурулардың тобы | Сирек аурулардың синонимдері және атаулары | Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым) | Халық санаты |
1. |
Инфликсимаб | Балалардағы жасөспірімдердің жүйелік бастамалы артриті (M 08.2) | Ювенилді идиопатикалық артрит жүйелі нұсқасы | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған балалар |
2. | Тобрамицин | Зат алмасуының бұзылуы (Е 84.8) | Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз) | Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
3. |
Бозентан | Өкпелік бастапқы гипертензия (I 27.0) | Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы (бұдан әрі - ӨАГ ), тұқымқуалаушы ӨАГ | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
4 | Ибрутиниб | Таралған ходжкиндік емес лимфома (С 83.0) | Таралған ходжкиндік емес лимфома | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
5 | Пирфенидон | Өкпесінің интерстициалдық басқа аурулары (J 84.1) | Идиопатиялық өкпенің фиброзы | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |