Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 13.12.2018 № 27/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 3987 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 30 желтоқсанда жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауы мына редакцияда жазылсын:
"Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды қосымша тегін беру туралы";
шешімнің 1-тармағы мына редакцияда жазылсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттар қосымшаға сәйкес, қосымша берілсін";
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жызылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың ХХI сессиясының төрағасы |
Б.Жалғасбаев |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 4 маусымдағы № 21/8 шешіміне қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін қосымша берілетін дәрілік заттар
№ | Дәрілік заттардың атауы | Аурулардың халықаралық жіктемесі 10 – қайта қарау бойынша аурулардың тобы | Сирек аурулардың синонимдері және атаулары | Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым) | Халық санаты |
1. |
Инфликсимаб | Балалардағы жасөспірімдердің жүйелік бастамалы артриті (M 08.2) | Ювенилді идиопатикалық артрит жүйелі нұсқасы | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған балалар |
2. | Тобрамицин | Зат алмасуының бұзылуы (Е 84.8) | Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз) | Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
3. |
Бозентан | Өкпелік бастапқы гипертензия (I 27.0) | Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы (бұдан әрі - ӨАГ ), тұқымқуалаушы ӨАГ | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
4 | Ибрутиниб | Таралған ходжкиндік емес лимфома (С 83.0) | Таралған ходжкиндік емес лимфома | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
5 | Пирфенидон | Өкпесінің интерстициалдық басқа аурулары (J 84.1) | Идиопатиялық өкпенің фиброзы | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |