Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда № 5082 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 40/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 11.03.2020 № 40/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша берілсін.

      2. Күшін жойды деп танылсын:

      1) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды қосымша тегін беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3987 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/8 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4309 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 4 маусымдағы № 21/8 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4770 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталон бақылау банкiне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы-Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;

      3) осы шешім ресми жарияланған соң оны Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
В. Мантариди
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/8 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша берілетін тегін дәрілік заттар, бейімделген емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 15.02.2019 № 30/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы

Аурулардың халықаралық жіктемесі 10 – қайта қарау бойынша аурулардың тобы

Сирек аурулардың синонимдері және атаулары

Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағымы)

Халық санаты

1.

Инфликсимаб
Тоцилизумаб
Адалимумаб

Балалардағы жасөспірімдердің жүйелік бастамалы артриті (M 08.2)

Ювенилді идиопатикалық артрит жүйелі нұсқасы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған балалар

2.

Тобрамицин

Зат алмасуының бұзылуы (Е 84.8)

Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

3.

Бозентан
Илопрост
Силденафил
Риоцигуат

Өкпелік бастапқы гипертензия (I 27.0)

Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы (бұдан әрі - ӨАГ ), тұқымқуалаушы ӨАГ

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

4.

Ибрутиниб
Венетоклакс

Таралған ходжкиндік емес лимфома (С 83)

Таралған ходжкиндік емес лимфома

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

5.

Пирфенидон

Өкпенің интерстициалдық басқа аурулары (J 84.1)

Идиопатиялық өкпенің фиброзы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

6.

Бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар

Көпіршікті эпидермолиз (Q 81)

Буллезді эпидермолиз

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

7.

Ритуксимаб

Дәнекер тіннің жүйелік зақымданулары (М 31.3)

Вегенер гранулематозы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

8.

Инфликсимаб

Жұқпалы емес энтерит пен колит (К 51)

Ойық жаралы колит

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

9.

Эверолимус

Органдар мен тіндер ауыстырғаннан кейінгі күйлері (Z 94.0)

Трансплантацияланған бүйректің болуы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

10.

Алглюкозидаза альфа

Гликоген жиналу аурулары (E 74.0)

Помпе ауруы (2 типті гликогеноз)

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады