"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 2 хаттамасы негізінде, Петропавл қаласының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Азаматтық қорғаудың азаматтық жүйесінің қалалық аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Петропавл қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оны бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынасқа таралады.
Қала әкімі | М. Тасмағанбетов |