Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 12.04.2018 № 19-12 (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Заңының 1 бабы 1 тармағына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 16 шілдеде № 13-2-103 тіркелген, 2009 жылғы 30 шілдеде "Аққайың" газетінде, 2009 жылғы 30 шілдеде "Колос" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";
2. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қатысты таратылады.