"Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы N 3-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 маусымда N 3778 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 12.04.2018 № 19-12 (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Заңының 1 бабы 1 тармағына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 16 шілдеде № 13-2-103 тіркелген, 2009 жылғы 30 шілдеде "Аққайың" газетінде, 2009 жылғы 30 шілдеде "Колос" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";
      2. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қатысты таратылады.

      VI шақырылған III сессия
төрағасы
C. Семенюк
      Аққайың ауданы
мәслихатының хатшысы
C. Мұқанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
қаржы Министрлігінің
мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша мемлекеттік кірістер
Департаментінің
Аққайың ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі
басшысы
2016 жылғы 18 мамыр
М. Ағажанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады