Жер салығының мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы N 14-5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 шілдеде N 13-2-103 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 12.04.2018 № 19-12 (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 09.07.2015 N 35-5 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 18.05.2016 N 3-3 шешімімен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, соған сәйкес:
      1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
      2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;
      3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:
      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қолданылмайтын бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 09.07.2015 N 35-5 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі, 1 тармақтың екінші бөлімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінің Өңірлік бөлімінде 2007 жылғы 16 тамыздағы 13-2-47 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 16 тамыздағы № 13-2-47 "Колос" аудандық газетінде жарияланған "Жер салық ставкалары туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 17 шілдедегі № 39-7 шешімі және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінің Өңірлік бөлімінде 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 13-2-73 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 13-273 "Колос" аудандық газетінде жарияланған "Жер салық ставкалары туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 5-3 сессияларының алдында қабылданған шешімі күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      ХІV сессия
ІV шақырылымның төрағасы
аудандық мәслихаттың хатшысы
Б.Біләлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады