"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 38-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 3487 тіркелді, 2016 жылғы 4 қаңтарда аудандық "Есіл Өңірі", 2016 жылғы 4 қаңтарда "Новости Приишимья" газеттерінде жарияланды) Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындауың Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) мына өзгерістер енгізілсін:
Қағидалардың 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегі Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10474 тіркелді), Мемлекет басшысының Үкіметтің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 72-тармағына сәйкес "Ерекше кезең" экономикалық саясатының шараларын ескере отыра әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.";
Қағидалардың 2-тармағы 13) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"13) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
Қағидалардың 17- тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"17. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 3-қосымшаның 18) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасын ұсыну және тізім бойынша, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын көрсетіледі. Әлеуметтік көмекті төлеу өтіп кеткен тоқсанға жүргізіледі.";
Қағидалардың 31-тармағы алынып тасталсын;
Қағидалардың 3-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізуге арналған негіздемелердің түпкілікті тізбесі
1) жетiмдiк;2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
4) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
5) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
6) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;
7) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуі;
8) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмау;
9) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;
10) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
12) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұру;
13) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру, немесе әлеуметтік мәні бар аурулары (қатерлі ісіктің пайда болуы, туберкулездің ауыр түрі, мүгедек балалар) болған жағдайда өз еркімен емделу;
14) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты белгілеген жан басына шаққандағы орташа табыс мөлшері 1,0 өмір сүру минимумынан аспайтын болуы;
15) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектердің және кепілдіктері мен жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың тіс протездеуге мұқтаждығы;
16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және кепілдіктері мен жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген Қазақстан Республикасының санаторий мен профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
17) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;
18) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын тұлғалардың тоқсан сайынғы мұқтаждығы;
19) еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт жасаған кезінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, 60 пайыз ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.