"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 72682 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 19 қазандағы № 45/286 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3467 тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсанда "Есіл Таңы" және "Ишим" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.";
Қағидалар 11 қосымшамен осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес толықтырылсын;
2 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"4) әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған және табысы аз азаматтары мен оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;";
2 тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"8) отбасына көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган үміткермен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешені;";
2 тармақтың 10) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"10) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;";
2 тармақтың 13) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"13) Уәкілетті ұйым - Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
6 тармақтың екінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
"Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісуі бойынша бір жолғы мөлшерде белгіленеді.";
13 тармақтың екінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
"Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, шартты ақшалай көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ оны тағайындаған сәттен бұрын емес.";
22 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;";
32, 33 тармақтар алынып тасталсын:
34 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан;";
34 тармақ 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кеткен;";
41 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"41. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге осы Қағидалардың 11- қосымшасына сәйкес, тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі – уәкілетті органда сақталады.";
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшері
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын тіркеу журналы
Р/с № | Тіркеу нөмірі | Өтініш берушінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Мекенжайы | Сомасы | Өтініш берушінің қолы | Ескертпе |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |