"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 19 қазандағы № 45/286 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 24 қазандағы № 7/41 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қарашада N 3930 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 11/61 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 16.03.2017 № 11/61 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 72682 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 19 қазандағы № 45/286 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3467 тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсанда "Есіл Таңы" және "Ишим" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.";
      Қағидалар 11 қосымшамен осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес толықтырылсын;
      2 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "4) әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған және табысы аз азаматтары мен оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;";
      2 тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "8) отбасына көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган үміткермен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешені;";
      2 тармақтың 10) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "10) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;";
      2 тармақтың 13) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "13) Уәкілетті ұйым - Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
      6 тармақтың екінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісуі бойынша бір жолғы мөлшерде белгіленеді.";
      13 тармақтың екінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, шартты ақшалай көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ оны тағайындаған сәттен бұрын емес.";
      22 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;";
      32, 33 тармақтар алынып тасталсын:
      34 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан;";
      34 тармақ 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кеткен;";
      41 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "41. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге осы Қағидалардың 11- қосымшасына сәйкес, тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі – уәкілетті органда сақталады.";
      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
сессия төрағасы
Е.Бимақанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты
хатшысының міндетін
атқарушы
О.Кондратьева
      КЕЛІСІЛДІ
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 24 қазандағы 7/41 шешіміне 1-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Атаулы күндер мен мереке күндеріне алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшері

р/с №
Алушылар санаттары
Әлеуметтік көмек мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)
15 ақпан – Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні
1
Кеңестік Армияның, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметкерлері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік әрекеттерге қатысқан бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басшы құрамдарына кірген тұлғалар (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса айтқанда); жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста оқу жиындарына шақырылып, Ауғанстанға жіберілген әскери міндетті тұлғалар; жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста Ауғанстанға жүк жеткізу үшін сол елге жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан әскери тапсырмалармен Ауғанстанға ұшқан ұшқыштар құрамының әскери қызметкерлері; Ауғанстандағы кеңестік жауынгерлер құрамына қызмет көрсеткен, жарақат, жарымжандық, зақым алған немесе жауынгерлік әрекеттерді қамтамасыз етуге ат салысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілер.
15
2
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, басқа уақыттардағы өзге де әскери міндеттерін атқару барысында немесе майданда болуына байланысты ауыруы нәтижесінде, сондай-ақ жауынгерлік әрекеттер жүргізілген Ауғанстан немесе басқа да мемлекеттердегі әскери қызметін өтеу кезінде алынған жарақат, жарымжандық, зақым нәтижесінде мүгедектікке душар болған әскери қызметшілер.
15
3
Өзге елдерде әрекеттегі армияның жауынгерлер құрамына қызмет еткен және жауынгерлік әрекеттер кезеңінде жарақат, жарымжандық, зақым немесе ауру нәтижесінде мүгедектікке душар болған тиісті санаттың жұмысшылары мен қызметшілері.
15
4
Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттер кезінде немесе жауынгерлік әрекеттер орын алған өзге мемлекеттерде жарақат алу, жарымжандық, зақым, ауру нәтижесінде қаза тапқан (із-түзсіз жоғалған) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары.
15
5
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және жауынгерлік әрекеттер жүргізілген басқа да елдерге жұмыс істеу үшін барған жұмысшылар мен қызметшілер.
15
6
Ауғанстан аумағында уақытша болған және совет әскерлерінің шектелген контингенті құрамына енбеген, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің жұмысшылары мен қызметшілері.
15
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
1
"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I, II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.
5
26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні
1
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы және басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жоюға, сондай-ақ ядролық қаруды сынақтан өткізу мен оқуларға тікелей қатысқан тұлғалар.
15
2
Чернобыль атом электр станциясындағы апаты және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізу салдарынан мүгедек болған тұлғалар, және ата-анасының біреуінің радиациялық сәуле алуына байланысты мүгедектігі генетикалық тұрғыда болған олардың балалары.
15
3
Чернобыль атом электр станциясындағы және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жою кезінде қазаға ұшыраған тұлғалардың отбасылары.
15
4
Сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған тұлғалардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қазасы белгіленген тәртіпте Чернобыль атом электр станциясындағы немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізудің әсерімен байланысты азаматтардың отбасылары.
15
 
 
 
5
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаты салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өздігінен кеткен) тұлғалар, эвакуацияланған күні құрсақта жатқан балаларын қоса айтқанда.
15
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
1
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары.
5
2
Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары.
5
9 мамыр – Жеңіс күні
1
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

50
2
Әскери қызметкерлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамында болған, Ұлы Отан соғысы кезінде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар.
5
3
Кеңестік Армия, Әскери-Теңіз флоты, жасақтар және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ерікті жалдамалы құрамдарына кірген, Ұлы Отан соғысы кезінде әрекеттегі армияның құрамындағы әскери бөлімшелерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымы болған тұлғалар, немесе осы кезеңде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар.
5
4
Ұлы Отан соғысы кезінде полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнгалар ретінде әрекеттегі армия мен флот құрамындағы бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында болған тұлғалар.
5
5
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдер аумақтарында партизан отрядтары, астыртын топтар және өзге де фашизмге қарсы құрамалар құрамында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы жауынгерлік әрекеттерге қатысқан тұлғалар.
 
5
 
 
 
 
 
6
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел іс-қимыл жасау аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелері.
5
7
Блокада кезінде Ленинград қаласындағы кәсіпорындарда, қала мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар.
5
8
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерьлер, гетто және басқа да ықтиярсыз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары.
5
9
Қызмет бабындағы міндеттерін өтеу барысында жарақат, жарымжандық, зақым алу немесе майданда болуына немесе жауынгерлік әрекеттер жүргізілген мемлекеттерде қызмет бабындағы міндеттерін атқаруына байланысты ауыруы нәтижесінде мүгедектікке душар болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамдары құрамындағы тұлғалар.
5
10
1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украина Кеңестік Социалистік Республикасы, Белорус Кеңестік Социалистік Республиксы, Литва Кеңестік Социалистік Республиксы, Латвия Кеңестік Социалистік Республиксы, Эстония Кеңестік Социалистік Республиксы аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондар, взводтар мен халықты қорғау отрядтарының жауынгерлері мен командалық құрамдарында болған және осы батальондарда, взводтар мен отрядтарда қызмет бабындағы міндеттерін өтеу кезінде жарақат, жарымжандық немесе зақым алу салдарынан мүгедектікке душар болған тұлғалар.
5
11
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.
5
12
Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің зайыптары (жұбайлары), сонымен қатар жалпы ауруы, еңбек жарақаты және басқа да себептер нәтижесінде (құқыққа қайшы себептерді қоспағанда) мүгедек деп танылған
5
 
 
 
 
 
қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын жұмыс істеушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтардың екінші қайтара некеге тұрмаған зайыптары (жұбайлары).
 
 
13
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар.
 
5
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
1
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағында саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тұлғалар.
15
2
Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Бірлескен мемлекеттік саяси басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiк министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкi iстер халық комиссариатының тергеу істерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады
15
3
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар.
15
 
4
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы ңоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары.
3
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
1
Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесіне ие зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары.
10

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 24 қазандағы 7/41 шешіміне 2-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 11-қосымша

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын тіркеу журналы

Р/с №
Тіркеу нөмірі
Өтініш берушінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мекенжайы
Сомасы
Өтініш берушінің қолы
Ескертпе
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады