"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына сәйкес, елді-мекендердің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
И. Турков |