"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2016 жылдың 13 ақпанындағы № 25 шешімінің күшін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі N 33 шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:
       1. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылдың 25 ақпанында № 3632 тіркелген, 2016 жылдың 04 наурызындағы № 11 "Ауыл арайы", 2016 жылдың 04 наурызындағы № 11 "Сельская новь" аудандық газеттерінде жарияланған "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2016 жылдың 13 ақпанындағы № 25 шешімі күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
       И. Турков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады