Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 10.07.2017 № 5 шешімімен (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі)
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілде Занының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 2016 жылғы 20 қазандағы № 16-11/321 ұсынуының негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданының, Ақбұлақ ауылдық округінің, Қарашілік ауылының аумағында ірі қара мал табында бруцеллез анықталуына байланысты ветеринариялық режимін еңгізе отырып, шектеу шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне және алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі |
М.С. Дүйсенов |